Сезімтал робо-саусақ қоңыздың табандарының қарсылық күшін өлшеп көрді (видео)
Сезімтал робо-саусақ қоңыздың табандарының қарсылық күшін өлшеп көрді (видео)
2 жыл бұрын 1446 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Сезімтал микросаусақ. Сурет: Satoshi Konishi et al., Scientific Reports

Зерттеушілер жәндіктермен әрекеттесу үшін қолданылатын микросаусақ ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жапониядағы Рицумейкан университетінің инженерлері адамдарға жәндіктермен тікелей араласуға мүмкіндік беретін жұмсақ микроробот саусақ ойлап тапты. Кішкентай сенсорлар кішкентай организмдердің соққы күштерін өлшей алады. Ал құрылғыны қолғаппен басқаруға болады. Микроскоп бізге титтей жәндіктерді, тіпті, бактерияларды көруге және бақылауға мүмкіндік берсе де онымен тікелей әрекеттесу әлі де қиындық тудырады, осыған байланысты кішкентай саусақ жасалды: ол микроорганизмдерге тікелей әсер етіп, олардың мінез-құлқын жаза алады. Микросаусақтың тактилді қасиеттері, яғни, жанасқан нәрсенің бедерін сезіну қасиеті икемді сұйық металдың штамм сенсорымен қамтамасыз етіледі. Жұмсақ пневматикалық жетек түрлендіргішті басқаратын және жылжытатын жасанды бұлшықет сияқты әрекет етеді. Роботтық қолғаптың көмегімен адам микро саусақтарды тікелей басқара алады. Құрылғының тиімділігін тексеру үшін ғалымдар ағаш биттері тұқымдасына жататын қоңыздың аяқтарының реакция күшін өлшеген. Қоңызды орнына арнайы қысқышпен бекітіп, микросаусақ арқылы күш қолданып, қоңыздың аяқтарының реакция күшін өлшеген. Мәліметтер қоңыздың аяқтарының сыртқы әсерге қарсылық күші шамамен 10 мН болатынын көрсетті. Зерттеушілер роботтық қолғаптарды және кішкентай саусақтар сияқты сезімтал құралдарды пайдалану арқылы адамның қоршаған ортамен микродеңгейдегі өзара әрекеттесуіне қатысты көптеген толықтырылған шындық технологияларын енгізуге болады, деп санайды.

Роботтық саусақ құрылғысы. Сурет: Satoshi Konishi et al., Scientific Reports
0 пікір
Мұрағат