Семіздікпен радикалды күрес: майды терлеу арқылы сыртқа шығарып, арықтау тәсілі
Семіздікпен радикалды күрес: майды терлеу арқылы сыртқа шығарып, арықтау тәсілі
3 жыл бұрын 2717 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Артық салмақтан зардап шегетін кеміргішке семіздік індетімен күрестегі ең тиімді әрі ең тың тәсіл қолданылды: дәлірегі, тәжірибедегі тышқанды тимустық стромалды лимфоэтинммен емдеу оңды нәтиже көрсетті – айналдырған төрт апта ішінде қандай да бір диетасыз немесе тағамдық шектеусіз немесе артық қимыл-қозғалыссыз 40%-ға салмақ тастап, висцералды майдың едәуір бөлігінен айырылған. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тимустық стромалды лимфопоэтин (ТСЛП) — тимус эпителиясынан алғаш рет алынған цитокин. Бұл тышқаннан да, кейін адам бойынан да табылған кейбір аллергиялық ауруларда рөл атқаратын иммундық жүйе ақуызы. Алғашында Пенсильвания мен Вашингтон университеттерінің жанындағы Перелман медициналық мектебінің мамандары ТСЛП-нің инсулинге деген төзімділігін әрі екінші типті сусамырды емдеуде тиімділігін зерделеп көрген болатын. Нәтижесінде ТСЛП-нің салмақты тастауға көмектесетіні белгілі болды. Ғалымдар тимустық стромалды лимфопоэтиннің иммундық жасушаларды белсендіруге және реттеуші Т-лимфоциттердің көбеюіне қалай ықпал ететінін тексерген еді. Өйткені, алғашқысы – екінші типтегі туабітті лимфоидті жасушалар (ILC2) мен эозинофилдер метаболизмді (зат алмасу процесін) тездетеді; ғалымдардың пайымдауынша, артық салмақтан зардап шегетін тышқанды TSLP көмегімен емдеу өз кезегінде артынан семіздіктің түрлі салдарының дамуына кедергі келтіретін иммундық жүйенің жұмысын жақсартады. Ғалымдар бұл бағыттағы тәжірибе барысында семіз кеміргіштің организіміне тимустық стромалды лимфопоэтиннің деңгейін көрететін аденоассоциирленген вирусты енгізіп көрген еді. Арада 28 күн өткеннен кейін ТСЛП тышқанды артық салмақтан арылтып, тиімділігін көрсетті. Яғни, циткоин қабылдаған тышқан аталған мерзімде 45 грамнан қалыпты 25 грамға дейін арықтаған - 20-30%-ға артық қоректенсе де. Сынақтан өтіп жатқандардың барлығының белсенділігі бірдей болды. Маңыздысы – бірінші топтағылар висцералды майдан арыла бастаған: бұл қауіпті процесс болатын, өйткені, аталған май негізгі ағзалардың маңындағы қуыстарға жиналады. Бұдан бөлек, бұл тышқандардың қан құрамындағы глюкоза деңгейі көтерілген әрі инсулині таусылуға жақын болатын. Бұған қоса, салмақты төмендете отырып, циткоин бауырдағы триглицериннің мөлшерін қалпына келтірді: бауыр фиброзының (Алкогольсіз майлы бауыр ауруы (АМБА) бұл термин бірқатар жағдайларды белгілеу үшін, бауырда майдың жиналуынан туындаған. Майлы бауыр ауруы, артық дене салмағының және семіздікке шалдыққан адамдарда кездеседі. Алкогольсіз майлы бауыр ауруының немесе, майлы бауыр ауруының морфологиялық формаларның негізгі төрт деңгейін айыра алу қажет: стеатоз, стеатгепатит, фиброз и цирроз. Дені сау бауырда майдың мөлшері аз болуы қажет немесе мүлдем болмайды. Қалыпты жағдайда бауырда  шамамен 5% май болуы қажет.  Сарапшылар дамыған мемелкеттерде әрбір үшінші адам майлы бауыр ауруының ерте сатысына шалдыққан, яғни, бауырда майдың аздаған мөлшері анықталған - vko-zozh.kz дерек көзінен) деңгейі төмендеген. ТСЛП-ның әрекет ету тетігін түсіндіру үшін ғалымдар тәжірибедегі тышқан терісінің түгінің жылтырап тұрғанына назар аударған – кеміргіштер осылайша артық майдан терлеу арқылы арылатынын аңғарған. Расында да апрықтаған тышқанның түгінен май безінен бөлінетін затты тапты. Яғни, тимустық стромалды лимфопоэтин иммундық жүйені липидтерді тері арқылы сыртқа шығаруға ынталандырған. «Бұл күтпеген жаңалық болды. Біз майдан арылуға тері майының энергиясы түрінде теріден калорияның бөлінуі арқылы қол жеткіздік. Біз осылайша иммундық жүйенің күтпеген рөліне куә бола отырып, бұл процесті гормондық емес тәсілмен тудыруға болатынын көрсете алдық»,- деп түсіндірді осынау зерттеуге жетекшілік еткен Пенсилвания жоғарғы оқу орнының патология және зертханалық медицина профессоры Таку Камбаяши. Ғалымдар осылайша сау адам терісінің май безі мен ТСЛП кспрессиясы арасында байланыс барын анықтады. Ғалымдар сау емес ақ май тінінен осындай әдіспен арылуға болатынын алға тартқанымен бұл әдісаті қолданудың өз қиындығы барын жоққы шағырмайды. «Біз тері майының істеп шығарылуын реттей отырып, өз салмағымызды табиғи жолмен бақылауда ұстаймыз деп айта алмаймын. Алайда, процесті өзгертіп, тері майының бөлінуін арттыруға болады артық майдан арылу үшін. Бұл жайт өз кезегінде семіздікті және липидтік ақауды еңсеруге мүмкіндік беретін терапевтік стратегияға жаңа жол ашады»,- деп сөзін аяқтады Таку Камбаяши.

ТСЛП активирует Т-клетки, способствуя секреции кожного сала / © Ruth Choa et al., 2021

ТСЛП тері майын секрециялай отырып, Т-жасушаларын белсендіруде  / © Ruth Choa et al., 2021

0 пікір
Мұрағат