Семіздікке қарсы дәрі салмақты 72 аптада 22,5%-ға кеміткен
Семіздікке қарсы дәрі салмақты 72 аптада 22,5%-ға кеміткен
3 жыл бұрын 1567 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тирзепатид деп аталатын, бастапқыда бірінші типті сусамыр дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін әзірленген дәрі артық салмақтан зардап шегетін пациенттің дене салмағын 72 аптада 22,5%-ға кеміткен. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған investor.lilly.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеудің үшінші кезеңіне 2539 ересек адам қатысқан екен. Ғалымдар артық салмақтан зардап шегетін ересектерге тирцепатидтің қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалап көрді. Тирзепатид дәрісі ғалымдар күткен нәтиже берді – бастапқы салмағының 5%-дан астамынан арылған, яғни, аз да болса арықтаған адамдар қарасы артқан. Бұл препараттың молекуласы глюкозаға тәуелді инсулинотропты полипептидтің жұмысын имитациялайды. Бұрынғы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ол тағам тұтынуды азайтуға көмектесіп, энергияның шығынын арттырған. Бұл тараптағы тәжірибеге қатысқандарды төрт топқа бөлді: біреуіне тирзепатид 5 мг-ы, екінші тобындағыларға 10 мг-ы, үшіншісіне – 15 мг-ы берілен. Емдеу процедурасында аптасына бір мәрте тері астына инбекция жіберу тәсілі қолданылды. Аталған дәрін неғұрлым көп қаылдаған адам соғұрлым арықтаған. Орташа есеппен алғанда, тәжірибеге қатысқандар бастапқы дене салмағының 16%-нан арылған. Тирзепатид дәрісін FDA (АҚШ-тың денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігіне қарасты агенттік – тағам өнімдері мен дәрі-дәрек сапасын санитарлық қадағалау жөніндегі басқарма) ресми түрде сусамыр дәрісі ретінде ұсынған болатын. Өткен жылдың соңында.

0 пікір
Мұрағат