Семіздік індетінің тағы бір себебі белгілі болды
Семіздік індетінің тағы бір себебі белгілі болды
5 жыл бұрын 5238 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар лас ауаның семіздік індетінің етек алуына себеп болып отырғанына көз жеткізді. Бұрын тағам құнарлылығы мен дұрыс тамақтану мәдениетінің сақталмауы (мысалы, көшеден жүре тамақтану, бірыңғай фаст-фуд секілді денсаулыққа зиянды тағамдарды тұтыну, т.б.), саламатты өмір салтын ұстанбау, күйзеліс, т.б. факторларды жатқызып келген болса, бұлардың қатарын енді ауаның ластануы толтырып отыр. Бұл жайында Science Direct ақпарат көзі хабарлады. Ғалымдардың тұжырымдауынша, адамның тыныс жолы арқылы организмге енетін химиялық заттар адам ішегінің дұрыс жұмыс істеуіне көмектесетін бактерияларды жояды. Бұл бағытта ғалымдар Калифорния штатының 101 тұрғынының ішек бактерияларының әр алуандығын зерделеген. Зерттеу барысында тәжірибеге өз еркімен қатысқандар тұратын аймақтардағы ауаның ластану деңгейіне талдау жасалған еді. Құрамында озоны мол ауаны жұтқандар артық салмақ жинайтынына көз жеткізген. Озон – ішек бактериясының жауы. Ауылды жерлерге қарағанда ауасы лас қалалы жерлерде артық салмақтан зардап шегетіндер қарасының көп болуы осыдан болуы мүмкін. Адам тәулік бойы озонның мол мөлшерін сімірсе, оның ішегінде артық салмақтың жиналуына себепкер болатын Bacteroides caecimuris бактериясы өсіп-өнеді. Бұдан бөлек, лас ауа адамға қажетті шамамен 128 микроорганизмді жояды.

Қарай отырыңыз:

"Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/arturli/semizdik-te-juqpaly-bolyp-shyqty-onyn-indet-ekeni-rastaldy-12772/#gsc.tab=0);

"Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-semizdik-genin-bugattaudy-uirendi-12511/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат