Селекционерлер сүйегі жоқ шие сортын шығарды
Селекционерлер сүйегі жоқ шие сортын шығарды
2 жыл бұрын 3425 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Көмекші эволюциялық технологиялар дәстүрлі сорттарға ұқсас болғанымен бағасы арзан, жақсартылған сорттар мен өсімдіктерді алуға мүмкіндік береді. Жаңа генетикалық редакциялау технологияларының арқасында жақын арада тұқымсыз шие мен крекингке және ауруға төзімді сорттар пайда болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы AgroTimes ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Стефано Лугли есімді Macfrut жеміс өнеркәсібі көрмесінің ғылыми үйлестірушісі АҚШ пен Ұлыбританияда жүргізіліп жатқан биотехнологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижелері үлкен резонанс тудырғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, трансұлттық корпорацияларды және кейбір халықаралық ғылыми-зерттеу институттарын қолдайтын әртүрлі стартаптар көмекші эволюциялық технологиялардың арқасында шие шаруашылығына қомақты қаражат салуда. «Геномды өңдеуге және цисгенезге негізделген жаңа генетикалық жақсарту технологияларының арқасында жақын арада тұқымсыз тәтті шие пайда болмақ. Сонымен қатар, крекингке төзімді сорттар мен климаттың өзгеруіне бейімделе алатын ауруларға төзімді өсімдіктерді өсіруге болады», деп мәлімдеді ол.

0 пікір
Мұрағат