Секпілден қалай құтылуға болады?
Секпілден қалай құтылуға болады?
9 жыл бұрын 10970

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауыншаславян халықтары мен Латын Америкасының тұрғындары үшін секпіл сұлулықтың белгісі болса, біздің қазақта керісінше, көктемде кейбір қыз-келіншектеріміз беттегі табиғи дақты жасыру үшін түрлі опа-далаптар жағумен болады. 

Косметолог-мамандар секпіл қорымының әр мезгілде қайталанып шығып отыратын ерекшелігіне сүйеніп, оның пайда болуының алдын алатын немесе аз көлемде шығуын, түсінің онша қанық болмауын қамтамасыз ететін біраз ережелерді топтастырған. Әсіресе, мамандар ақпан айының басынан бастап күнделікті тағамыңызға С дәруменіне бай өнімдерді пайдалануға кеңес беріп отыр. Секпіл бетте тым көбейіп кетпес үшін алдын ала емдік шаралар жасағаныңыз дұрыс. Ол үшін:

- Бақбақ гүлдерінің қайнатпасы, үгітілген ақжелкек, ұйыған сүт пен үгітілген бадамнан жасалған маска көмектеседі;

- Бетіңіздің біраз бөлігін жауып тұратын күн көзінен сақтайтын көзілдірік пен күннен қорғайтын шляпа немесе кепка киіп жүріңіз;

- Секпілдің дағын байқатпау үшін бетті қатықпен, ашыған айранмен сылап, сутегі асқын тотығының 3 проценттік ерітіндісімен сүрткен тиімді;

- Күнделікті тамақтану рационыңызға С және РР витаминдері мол тағамдар қосыңыз. Әсіресе жеміс, көкөністі көбірек жеуге тырысыңыз;

- Егер күн тым ыстық болса, кеш түскенше ғимарат ішінен мүмкіндігінше шықпауға тырысыңыз.

0 пікір
Мұрағат