Саусақ ізі адамның генімен байланысты болып шықты
Саусақ ізі адамның генімен байланысты болып шықты
3 жыл бұрын 4185 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамның саусақ ізі қайталанбайтын құбылыс, бірыңғайда оның жеке басының туабітті, табиғи мөрі ретінде алға шығады. Сол себепті, осы заманғы технологияда адамның саусақ ізі оның биометрикалық таңбасы ретінде қолданылады. Ғалымдар саусақ ізінің құрсақтағы ұрықтың дамуы барысында маңызды мәнге ие аяқ-қолдың даму гендерімен байланыстырып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта саусақ ізіне қатысты талдаулар жүргізіп, саусақ ізінің қалыптасуына терідегі сызықтар емес, құрсақтағы ұрықтың аяқ-қолының дамуына жауапты гендердің әсер ететінін анықтады. Осылайша ғалымдар гендер мен адамның фенотиптік белгілері арасында байланыс болатынына көз жеткізген. Саусақ іздері бір-бірін қайталамайды десек те олардың өздері үш негізгі топқа бөлінетінін айта кетпекпіз: доғал, ілмек және бұйра. Бұл саусақ іздері (ойықтар мен жоталар) құрсақтағы ұрықтың үшінші айында қалыптаса бастайды. Ғалымдардың айтуынша, адамның саусақ ізі қандай да бір затты ұстау мен сезу үшін айтарлықтай жетіліп, эволюциялық тұрғыдан өзгеріске ұшыраған. Десе де саусақ ұшында өрнектер қалай қалыптасады? Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеу барысында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінен 23 мың аса адамның ДНҚ-сын сканерлеуден өткізіп, геномның кем дегенде 43 аймағының саусақ ізімен байланысты екенін анықтаған. Ең ықпалды аймақтардың бірі құрсақтағы ұрық аяғының дамуында маңызды рөл атқаратын EVI1 деп аталатын геннің экспрессиясын реттейтін болып шықты. Ғалымдар бұл гипотезаның қаншалықты шындыққа сәйкел келетінін тексеріп көру үшін тәжірибедегі тышқанның ДНҚ-сын түрлендіреді - EVI1 генінің экспрессиясын төмендетіп көреді. Нәтижесінде кеміргіштің «саусақ» терісінде мүлдем басқа өрнек пайда болған. Адамдардан жиналған деректер сараптамасы көрсеткендей, саусақ ізінің саусақ ұзынғыдымен генетикалық тұрғыдан байланысты болып шыққан. Бұл байланыс өз кезегінде аяқ-қолдың дамуында маңызды рөл ойнайтын гендермен тығыз байланысты. «Біз гендердің саусақ іздерін қалай қалыптастыратынын нақты біле бермейміз, алайда, бұл шарана тінінің өсу қарқынымен байланысты болуы мүмкін. Ол воларлы жастық (немесе көпшік) деп аталады әрі саусақ іздерінің өргенін қалыптастыруда маңызды рөл ойнайды»,- деп түсіндірді Шанхайдағы Фудан университетіне қарасты Адам феномені институтының генетигі Джинси Ли. Оның сөзіне қарағанда, шарананың қолы өскен сайын алақаны мен саусағы ұзарады. 

0 пікір
Мұрағат