Сау жасушыларға зақым келтірмей обырды емдеу мүмкін бе
|
Қытай ғалымдары обырды емдеуде қолданылатын химиялық терапияның баламалы жолын іздеп, айтырлықтай жетістікке қол жеткізді. SHINE ақпарат көзі хабарлағандай, Қытай ғылым академиясының жанындағы Шанхай керамика институтының мамандары сау жасушаларға зиянын тигізбей обырмен күресудің жаңа технологиясын жасауға мүмкіндік беретін айтулы жаңалық ашты. Нақтырақ айтқанда, кәдімгі химиялық терапияда тек қастерлі ісік жасушаларын ғана өлтіріп қоймай, адамның денсаулығына залал келтіретін, осылайша иммунитеттің төмендеуіне және өзге де жанама, теріс әсерін тигізетін препараттар қолданылады. Ал Шанхайлық ғалымдар адам ағзасындағы қатерлі ісіктен пайда болған ауру жасушаларға ғана бағытталатын нанобөлшек пайдаланады. Аталмыш технология қатерлі ісіктің қышқыл ортада реакциясын тудыратын улы емес нанобөлшекті пайдаланудан тұрады. Ол оттегі молекуласаның көп мөлшерін тұтынады. Бұл өз кезегінде қатерлі ісік жасушасына қорек баратын жолдарды жауып тастайды. Нәтижесінде ауру жасуша оттегінің және сырттан қоректің болмауынан өледі. Аталған нституттың жетекші ғылыми қызметкері Ши Цзяньлиннің айтуынша, адам ағзасына енгізілген препарат ауру жасушамен жанасқанда ғана уға айналады. Зертханада тышқандарға жасалған тәжірибе көрсеткендей, мұндай терапияны қолданғанда қатерлі ісік көлемі шамамен 85%-ға кішірейген. Бұл емтеу тәсілі өзінің метастаздың алдын алуда өз тиімділігін көрсетіп отыр. Десе де бұл технология әлі де зертханада сынақтан өтіп жатыр.