Сарапшылар онлайн оқудың тиімділігін зерттеп көрді
Сарапшылар онлайн оқудың тиімділігін зерттеп көрді
5 жыл бұрын 3021 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжді тажал пандемиясына байланысты жоғарғы оқу орнының студенттері мен орта мектеп оқушылары, т.б. оқу ордаларының шәкірттері қашықтан білім алуға көшті. Бұрын ішінара болмаса, аталмыш тәжірибе осы уақытқа дейін жаппай қолданылып көрмеген еді. Пандемияға байланысты онлайн-оқуға деген қажеттіліктің артуына орай Ресейдің Жоғарғы экономика мектебінің сарапшылары америкалық әріптестерімен бірігіп, бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп көрген еді. Аталмыш зерттеу нәтижесімен Science Advances мерзімді басылымынан таныса аласыздар. Тәжірибеге ресейлік жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Оларды дәстүрлі, онлайн және аралас оқу топтарына бөлді. Тест бойынша тексере келгенде үш топтың да студенттері бірдей нәтиже көрсеткен. Жалғыз-ақ айырмашылығы – онлайн арқылы білім алған студенттер білім алу процесіне қанағаттанбаған. Ал қашықтықтан оқытудың артықшылығына сарапшылар білім беру шығынының төмендігін жатқызып отыр: үнем көрсеткіші 15−18% болған. Аталмыш зерттеу нәтижесіне сүйенген сарапшылар онлайн арқылы білім алуды дәстүрлі білім беру жүйесінен кем көріп, онлайн-оқуды олқысынбау керектігін алға тартып отыр. Есесіне аз шығынмен мол білім алуға мүмкіндік тудыратын артықшылығымен дәстүрлі білім беру жүйесінен озық тұратынын көлденең тартты.

0 пікір
Мұрағат