Сақал тері обырынан сақтайтын болып шықты
|
Ұлыбританиядағы Сандерленда университетінің оқытушысы әрі хирург Каран Рангаржан TikTok әлеуметтік желісіндегі өзінің аккаунтында сақалдың күтпеген пайдасын жазды. Маманның айтуынша, сақал адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті бактерияны жұқтыру қатерінен құтқарып қоймай, сонымен қатар, қатерлі ісікпен ауыру ықтималдылығын азайтады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Мамандар емханадағы сақалды қызметкерлер мен қырынған қызметкерлерді салыстырып көрді. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жып-жылмағай болып қырынғандардың аса қауіпті метициллинді – дәріге бой бермейтін стафилококканы жұқтыру қатерінің үш есе жоғары болған»,- деп мәлімдеді дәрігер. Оның түсіндіруінше, бактерия антибиотикке төзімді болғандықтан өзге инфекциялық ауруларға қарағанда одан емделіп шығу өте қиын. «Бұлай болатын себебі, қырыну кезінде тері зақымдалып, қауіпті бактериялар түседі»,- деп топшылады ол. Бұдан бөлек, дәрігердің сөзіне қарағанда, сақал тері обыры мен күннен күйіп қалудан сақтайды. Беттегі түк күннің ультркүлгін сәулесінің әсерін кемітуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, сақалды ерлердің терісі жұмсарып тұратынын еткізді. Сақал теріні сыртқы факторлардан қорғау арқылы ерте қартаюдан сақтайды.