|
Сал ауруына шалдыққандар ой күшімен арбаны басқаруды үйренді (видео)
|
Техас штатында ғалымдар сал ауруына шалдыққан адамдар ақыл-ойымен басқара алатын мүгедектер арбасын жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы Study Finds ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кейбір науқастар бір курстан кейін 98% дәлдікке қол жеткізе алған. Сал ауруынан зардап шегетін науқастар дене мүшелерінің қозғалысы туралы ойлау арқылы арбаның бағытын басқарды. Мысалы, солға бұрылу үшін қолдары немесе оңға бұрылу үшін аяқтары туралы ойлайды. Компьютер олардың нейрондық сигналдарын оқып, оларды мүгедектер арбасындағы командаға айналдырды. Бастапқыда науқастар мүгедектер арбасын 43-55% дәлдікпен басқарды. Жаттығудан кейін кейбіреулер 98% көрсеткішке ие болды. Әрбір науқас аптасына үш рет 2-5 ай бойы жаттығады
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
РАМАЗАН АЙЫНЫҢ КЕСТЕСІ - 2026. БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 735 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ
■
Екі «қолымен» жеміс теретін робот өзге моделдермен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып шықты (видео)
■
Араб елі Рамазан айында қысқартылған жұмыс режиміне көшеді
■
Дрондар үйірін бір электрлі импульспен істен шығаратын қару пайда болады (видео)
■
Бүгінде Еуропадағы ең жас халық анықталды