Сағатына 300 шақырым жылдамдықпен қозғалатын, бір ұшқанда 250 шақырымды артқа тастайтын такси (фото+видео)
Сағатына 300 шақырым жылдамдықпен қозғалатын, бір ұшқанда 250 шақырымды артқа тастайтын такси (фото+видео)
3 жыл бұрын 11598 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Шанхай қаласындағы Pantuo Aviation компаниясы болашақтың жылдамдығы жоғары, ұшатып таксиді - PANTALA Concept H жобасын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Pantuo Aviation компаниясы PANTALA Concept H ұшатын автокөлік құрастырған екен. Сағатына 300 шақырым жылдамдықпен қозғалатын, бір ұшқанда 250 шақырымға дейін жерге қонбайтын бұл модел толық электрмен жұмыс істейді. Кабинасы 5 адамға шақталған ұшатын автокөлік лития ионды батареяны пайдаланады, ашық пропеллердің орнына электрмен жұмыс істейтін 22 арналы желдеткішпен жабдықталған. Аталмыш жоба 2022 жылдан бастап құрастырылады, 2027 жылы пайдалануға беріледі. PANTALA Concept H жобасы электр қуатымен ұшатын, тігінен және көлденеңінен ұшып-қона алатын әрі әуеде бір орнында қалықтап тұра алатын eVTOL шағын ұшағына ұқсас. Бұл технология электрмен жұмыс істейтін қозғалтқыштың арқасында пайда болды.

 

0 пікір
Мұрағат