Сағатына 250 шақырым жылдамдықпен ұшатын орындық жасалды (видео)
Сағатына 250 шақырым жылдамдықпен ұшатын орындық жасалды (видео)
2 жыл бұрын 2374 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Су және реактивті флоттардың аты аңызға айналған құрастырушысы Френки Сапата өзінің реактивті бортының жақында болған ауыр апатына қарамастан тағы бір жаңалықты - JetRacer жеке ұшағын енгізуді көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы zapata.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оны құрастыру кезінде Френки Сапата өзінің бұрынғы конструкциясын пайдаланды. Бұл арада авиациялық керосинмен жұмыс істейтін шағын реактивті турбинасы бар Flyboard Air ұшағы турасында сөз болып отыр, ол Ла-Манш бұғазын еңсере алған еді (қонумен болса да). Рюкзак болып табылатын Flyboard Air-тен айырмашылығы - JetRacer он қозғалтқышпен жабдықталған ұшатын орындыққа ұқсайды. Қолда бар мәліметтерге сенсек, Френки Сапата басқару жүйесін айтарлықтай жақсартқан, дәлірегі, әрбір қозғалтқышты басқарылатын күш векторымен жабдықтаған екен, бұл әуе кемесіне бұрын-соңды болмаған маневрлік қабілет дарытады. Бұдан былай ол пилотажды орындауға қабілетті келмек. JetRacer жобасын азаматтық және әскери салаларда қолдануға болады. Ол сағатына 250 шақырым жылдамдықпен ұшып, үш шақырым биіктікке көтеріліп, 200 келіге дейін жүкті көтере алады.

0 пікір
Мұрағат