С-400 зениттік зымыран кешенін түркі ғалымы ойлап тапқан
С-400 зениттік зымыран кешенін түркі ғалымы ойлап тапқан
5 жыл бұрын 3422 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түріктердің "Айдынлық" ақпарат агенттігі осыдан бірер күн бұрын ғана хабарлағанымыздай, шілде айының 12-і күні Түркия аумағына алғашқы легі келіп жеткен, 2017 жылы Түркия тарапы АҚШ бастаған батыс елдерінің, солтүстік әскери саяси альянстың қас-қабағынан қаймықпай, Ресейден 2,5 млрд долларға аттай қалап сатып алған әлемге әйгілі қаһарлы қарудың технологиясын ойлап тапқан адамның тегін анықтады. С-400 зениттік зымыран кешенінің авторы қазбалай індете келгенде тегі түркі, дәлірегі, әзірбайжандық азамат екені белгілі болды. Оның аты-жөні - Игорь Ашурбейли. Көрнекті ғалым Ресей Федерациясының қорғаныс өнеркәсібіндегі құпия ұйымдарының бірінен саналатын "Алмаз-Антей" компаниясының ғылыми-өндірістік бірлестігінің жетекшісі болып қызмет атқарған. Әуе қорғанысы үшін ең озық технология саналатын ресейлік бұл қаруға бүгінгі таңда тек түріктер емес, сонымен қатар, саудиялықтар да, үнділер де, т.б, елдер қол созып отыр. Алыс қашықтықтан (радиусы 400 шақырымды қамтитын) әуе қорғанысын қамтамасыз ететін қару туралы бірталай талдау материалымызды жарияладық. Соның ішінде аталмыш қару турасында  "Ресейдің сына қағар қаруы" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/reseidin-syna-qagar-qaruy-11965/#gsc.tab=0) деген тақырыппен барынша кеңінен тарқатып жазған болатынбыз. Бұл қарудың авторы кім екенін түріктердің Ресейді зерттеу институты (Rusya Araştırmalar Enstitüsü) әлеуметтік желіде жазыпты. Әзірбайжан астанасы - Баку қаласында 1963 жылы туған Игорь Ашурбейлидің негізгі мамандығы инженер. Ол 2016 жылы наноғылым мен нанотехнологияны дамытуға үлес қосқаны үшін ЮНЕСКО тарапынан марапатталған болатын. 

0 пікір
Мұрағат