Ресейлік ғалымдар сүйекті жүз пайыз қалпына келтіретін әлемдегі алғашқы гел жасады
Ресейлік ғалымдар сүйекті жүз пайыз қалпына келтіретін әлемдегі алғашқы гел жасады
6 ай бұрын 1054 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясындағы Волгоград мемлекеттік медицина университетінің ғалымдары жарақаттан кейін зақымдалған сүйекті қалпына келтіретін, соның ішінде қуатты жарылғыш заттардың жарықшақтарынан болатын жарақатты қоса алғанда, әлемдегі алғашқы биоассимиляцияланатын регенерация (яғни, биологиялық жағынан организммен үйлесетін, зақымдалған сүйекті қалпына келтіретін) гелін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде фармацевтика ғылымдарының докторы, Волгоград мемлекеттік медицина университетінің Пятигорск филиалының дәрілік технологиялар кафедрасының меңгерушісі Дмитрий Компанцевке жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Регенерациядан кейін мұндай сүйек тінінің нақты сүйек тінінен айырмашылығы болмайды. Өзгеше гел сүйек тінін қалпына келтіру үшін организмді ынталандыратын, дәлірегі, регенерациялық қабілетін белсендіретін, күрделі құрамы бар қоректік заттар мен құрылыс қоспасынан тұрады. Сонымен қатар, жарақаттан кейін қалпына келген мұндай сүйек тіндерінің сау сүйекке ұқсастығы 100 пайызды құрайды, өйткені, ол остеофиттердің (буындардың шетінде пайда болатын өсінділермен) өз жасушаларымен синтезделеді. Ғалымдардың айтуынша, бүгінгі күні әлемде мұндай гелдің баламасы жоқ. Айрықша гелді жүре келе жабысқан аурудан зақымдалған сүйекті қалпына келтіру үшін де, туа біткен ақаулар үшін де қолдануға болады. Мысалы, жақ-бет аймағының сүйек және шеміршек тіндерінің хирургиясында, стоматологияда, оқ пен жарылғыш заттардан болған жарақаттыы емдеуде пайдаланасыз. Гелдің оссоинтеграциялау қабілеті жоғарылайды, бұл процесс барысында сүйек жасушалары имплантпен кірігеді. Тіпті, жарақат түскен жердің қан тамырларының қалыптасуына да көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат