Реактивті ұшақ қозғалтқышының сутегімен қалай жұмыс істейтіні сынақтан өткізілді
Реактивті ұшақ қозғалтқышының сутегімен қалай жұмыс істейтіні сынақтан өткізілді
2 жыл бұрын 1264 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Rolls-Royce компаниясы кәдімгі сутегімен жұмыс істейтін ұшақ қозғалтқышының алғашқы сынағын сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Rolls-Royce және easyJet кәдімгі авиакеросинді сутегімен ауыстыру арқылы классикалық Rolls-Royce AE-2100A реактивті қозғалтқышын сынады. Бұл жобаны қолға алудың мақсаты – жасыл отынмен жүретін реактивті қозғалтқышты іске қосуға және басқаруға болатынын көрсету. Rolls-Royce AE-2100A газ турбиналық моделі бүкіл әлем бойынша аймақтық ұшақтарда кеңінен қолданылады. Сынақтар аталмыш компанияның авиацияны керосиннен экологиялық таза отынға ауыстырудағы алғашқы қадамы болып табылады, бұл үшін, яғни, жобаны жүзеге асыру бүкіл авиапаркті жаппай жаңартуды қажет етпейді. easyJet компания сутекті қысқа мерзімді авиацияның атмосфераға бөлетін көмірқышқыл газының мөлшерін азайту үшін негізгі компонент ретінде қарастыратынын айтты. Компания электрлік ұшақтарды талдай келе бұл технологияның үлкен коммерциялық ұшақтарды әуеге көтеру үшін толық жетілдірілмегенін атап өтті. Сутегінің аккумуляторлардан артықшылығы - ол  әлдеқайда көп қуат береді. Сынақтарда қолданылатын отын – Еуропалық теңіз энергетикалық орталығында өндірілген жасыл сутегі. Ол суды оның құрамдас бөліктеріне бөлу үшін электр тогы арқылы өндіріледі. Қажетті электр энергиясы толқын және жел энергиясы арқылы өндіріледі. Компания өкілдері алғашқы сынақтар жасыл авиацияны дамытудың маңызды кезеңі болып табылатынын, алайда, технологияларды өнеркәсіптік деңгейде қолдану үшін әлі де ұзақ жолдан өтуге тура келетінін атап өтті. Ол оол ма, сутегі сұйық күйінде керосиннен салмағы ауыр тартады. Сонымен қатар, сутегі отынын тасымалдау қауіпсіздігі мен экологиялық таза газ өндіруге қатысты барлық мәселелерді шешу қажет. Сынақтарда жасыл сутегі пайдаланылғанымен, бұл отынның көп бөлігі әлі күнге дейін қазбалы ресурстан алынған отынды жағу арқылы алынған электр энергиясынан өндіріледі.

0 пікір
Мұрағат