Радио-электрлі күреске арналған жаңа құрылғы пайда болды (видео)
Радио-электрлі күреске арналған жаңа құрылғы пайда болды (видео)
3 жыл бұрын 1663 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Радио-электрлі күрес – қарулы күрестің бір түрі: жаудың басқару, байланыс, барлау жүйелерінің  радио-электрлі құралдарын істен шығарудың тетігі, дәлірегі, радиосәулемен (радиокедергі) арқылы әскери ақпараттарды өзгерту немесе бұғаттау арқылы жеңіске жетуге болады. Негізінде ол ең алдымен шабуылдауға арналмаған, қорғану мақсатында қолданылатын кешен. Осы заманғы соғыста электрлі-магнитті толқын арқылы ақпаратты (мәселе, жаудың әскери әлеуеті мен орналасқан орны, майдан даласындағы ұрыстың беталысы туралы деректер) жеткізуде маңызды рөл ойнайды. Тарихта ең алғаш рет Жапон-орыс соғысында, дәлірегі, 1904 жылдың сәуір айының 15-і күні қолданылған. Орыс радистері жапон әскерінің телеграфтық хабарын «құмықтыру» үшін пайдаланған болатын. Таяуда израилдік Israel Aerospace Industries қорғаныс компаниясы өздерінің радио-электрлі күрес кешенін жұртшылық назарына ұсынды. Аталмыш құрылғы ұшқышсыз ұшатын аппараттарға, кемелерге, зымырандарға, радио-электрлі құралдармен жұмыс істейтін барлау құрылғыларына орнатылады. Бұл жайында islam.kz порталы The Jerusalem Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Scorpius деп аталатын бұл құрылғы айналасынан жау нысандарын іздеу үшін төңірегін сканерлейді әрі жаудың радарына, спутнигіне және өзге де электрлі құрылғыларына ақпараттің берілуіне кедергі келтіреді. Израилдіктердің бұл құрылғысы сезімтал болғандықтан жаудың бірнеше радио-электрлі көздерін бірден таба алады. Scorpius құрылғысы бес жүйені қамтиды: Scorpius G (жер бетілік); Scorpius N (теңіздегі); Scorpius SP (әуедегі); Scorpius SJ (зымыранға қарсы); Scorpius T (жаттығуға арналған). 

 

0 пікір
Мұрағат