Радиацияға төтеп беруге көмектесетін ақуыз жасалды
Радиацияға төтеп беруге көмектесетін ақуыз жасалды
4 жыл бұрын 3391 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейлік ғалымдар істеп шығарған гибридті ақуыз радиацияның зиянды әсерін организмнің тойтаруына көмектеседі. Бұл ақуыз конструкциялауынан бастап, жануарлардың бойында сынақтан өту арқылы барлық кезеңдерінен өтті. Бұл жайында islam.kz порталы орыс тілінде хабар тарататын popmech.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жаңа ақуыз радиацияның өлімге әкелетін мөлшерінің өзінен жануарды қорғап қалды. Болашақта ол түрлі ауруларды, жарақаттарды емдеуде немесе ағза трансплатациялауда қолданылуы мүмкін. «Курчатов институты» ғалымдарының радиопротекторлық өзгешелікке ие PSH ақуызына талдау жүргізіп, сараптама жасағанын Ұлттық зерттеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Ал аталмыш зерттеу нәтиесі Biochemical Engineering Journal мерзімді басылымында жарияланған. Ғалымдар бұл ақуызды істеп шығару үшін гендік инженерия көмегіне жүгінген. Аса күрделі молекула екі табиғи антиоксиданттан (адам организімінде кездесетін пероксиредоксиннен және бактериалды супероксиддисмутаздан) тұрады. Мамандар оның өзгеше ерекшелегін анықтау үшін ақуыздың құрылымына зерттеу жүргізген екен. Осы орайда рентгендік, синхрондық және нейтрондық сәулеленуді пайдалана отырып, нано-, био-, ақпараттық, конгнитивтік, әлеуметтік-гуманитарлық ғылым мен техника саласында ауқымды зерттеулер жүргізетін Курчатов кешенінің құрылымдық биология бөлімінің жетекшісі Валерия Самыгинаның осынау зерттеуга қатысты пікіріне тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Оның айтуынша, белсенді орталықтар бір жағынан бір-бірінің жұмысына кедергі келтірмейді, ал екінші жағынан олар өзара байланыста болғандықтан зиянды молекулаларға тиімді жолмен әсер ете алады. Осылай дей келе ол оның құрылымының қандай екенін анықтауға мүмкіндік туғандықтан ендігі жерде биологтерге оның радиопротекторлық өзгешелігін жетілдіруге қатысты нұсқаларын ұсынатындарын жеткізді. Келешекте ғалымдар PSH ақуызының тек радиацияның зиянды әсерінен қорғап қана қоймайтын, сонымен қатар, өкпе мен жүрек-қан тамыр ауруларын, жарақат пен күйік шалған жерді емдеуде, сондай-ақ, ағзаларды трансплатациялауда қолдануға болатын жетілдірілген нұсқасын жасауды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат