Қыздарға қарағанда ұл тәрибелеген ата-аналар тезірек қартаяды – зерттеу
Қыздарға қарағанда ұл тәрибелеген ата-аналар тезірек қартаяды – зерттеу
2 жыл бұрын 1371 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар баланың жынысы ата-анаға қалай әсер ететінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі ұл балалардың ата-анасы тез қартайтатынын, логикалық ойлау қабілетін ерте жоғалтатынын растады. Ғалымдар кейбір адамдардың неге тезірек қартаятынын, ал басқа құрдастарының ұзақ уақыт бойы жас болып қалатынын анықтау үшін көптеген зерттеулер жүргізуде. Таяуда арнайы жүргізілген зерттеу ұлдарды тәрбиелеу қыздарды тәрбиелеуден қиынырақ екенін дәлелдеді. Колумбия университетінің америкалық ғалымдары мен Прагадағы Чарльз университетінің чех ғалымдары 30 000 ата-ананың сауалнамасын талдаған екен, бұл бағыттағы деректер табаны күректей 14 жыл бойы жинақталған.

Тәжірибеге қатысушылар 7 топқа бөлінді:

10 872 - ұлдары бар;

4 862 – бір ұл;

3 523 – екі ұл;

2487 - үш ұл және одан да көп;

891 - бір қыз;

905 - екі қыз;

554 - үш немесе одан да көп қыз.

Сынақ мидың, есте сақтаудың, ойлаудың белсенділігін тексеруге арналған тапсырмаларды қамтыды. Ғалымдардың тұжырымдары бойынша ұл балалардың ата-анасының миы әлдеқайда нашар жұмыс істейтінін және тезірек қартаятынын көрсетті және екі немесе одан да көп ұлдар болса, бұл тенденция артады. Бір қызығы, екі ата-ана да, яғни, әкесі мен шешесі бірдей нәтиже көрсеткен. Кетрин Волф есімді зерттеушілердің бірі бұл құбылысты қыздардың қартайған ата-анаға көбірек көңіл бөлуінен болуы мүмкін, дейді. Сонымен қатар, қыздардың ата-аналары ішімдік мен темекі шегу секілді организмнің ерте тозуына алып келетін жат әдеттерден аулақ болып, саламатты өмір салтын ұстанады. Бұдан бөлек, ұл балалары көп ата-аналардың қыздардың ата-аналарына қарағанда семіруге бейім келетінін, яғни, артық салмақ қосатыны анықталды.

0 пікір
Мұрағат