|
Қытайлар жүз метрлік қос көпірді 90 градусқа бұрды (видео)
|
Қытай инженерлері мен құрылысшылары әлемді тағы таңқалдырды. Олар Чжэнчжоу қаласындағы қатар тұрған әрқайсысының ұзындығы жүз метр болатын қос көпірді бір уақытта 90 грдусқа бұрды. Бұл күрделі операцияны іске асыру үшін 1,5 сағат уақыт жұмсалды. Оның барысында көпірлердің бөліктері біртіндеп бұрылып, артынша перпендикуляр түрде қойылған тіреулерге орнатылды. Бір қызығы, көпірлерді бұру олардың айналасын ешбір оқшауламастан, астындағы жолмен өтіп жатқан көлік жүргізушілерінің және жолаушылардың көзінше іске асырылды, деп жазады newsru.com.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды