|
Қытайлар 3D принтерде басып шығару жылдамдығы бойынша рекорд орнатты
|
Синхуа университетінің ғалымдары (Қытай) аддитивті технология (Аддитивті технология - пластикалық, металл немесе бетон сияқты материалды қабаттап қосу арқылы үш өлшемді объектілерді құру әдістері. Бұл процесс, сондай-ақ, 3D-басып шығару деп аталады және компьютерлік 3D-модел негізінде бұйымдарды жасауға мүмкіндік береді. Аддитивті технологиялар өндірісті, медицинаны және архитектураны қоса алғанда, әртүрлі салаларда қолданылады) саласында үздік жетістікке жетті. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғалымдары күрделі обьектілерді бар-жоғы 0,6 секундта құруға мүмкіндік беретін әдіс ойлап тапқан. Осылайша дәлдік пен жылдамдық арасындағы алшақтықты еңсере алатын процесті қалыптастырды. Тылай жыл бойы 3D-басып шығару технологиясының дамуы белгілі бір кедергілерге байланысты шектелді: жоғары дәлдікке жету бірнеше сағатты қажет ететін еді, ал бұл олқылық басып шығарылатын бұйымның сапасын көп төмендететін. Осыны ескерген қытай ғалымдары құрылымы берік немесе қатты материалды жасау үшін жоғары өлшемді голографиялық жарық өрістерін пайдаланады. DISH атауына ие болған тәсіл аддитивті баспаның озық үлгісіне немесе бағытына жатады. Егер әдеттегі 3D принтер кірпішті бірінен кейін бірін қалайтын құрылысшы сияқты жұмыс істесе, жаңа жүйе күрделі проектор ретінде жұмыс істейді. Бұл тетік фотополимер шайыры бар ыдыстың ішіндегі голографиялық жарық өрістерін бір мезгілде барлық үш өлшемді нысанды қатайтуға пайдаланады. Бұл процес өте жылдамдықты қамтамасыз етеді. DISH әдісі жылдамдығы жоғары айналмалы перископты түрлі бұрыштардағы жарықты проекциялау үшін пайдалануды ұйғаратындықтан шайырдың өзін физикалық күшпен айналдыру қажеттілігін жояды. Бірегей жүйе голограммаларды итеративті тұрғыдан оңтайландыруға негізделген, ал бұл басып шығарудың ерекше дәлдігін сақтауға мүмкіндік береді. Ерекше технологияның мүмкіндігі 12 микрометрге жетеді – бұл шама адам қылының шамамен бестен бір қалыңдығын құрайды - бұл ретте ол бір сантиметр жұмыс диапазонында 19 микрометр дәлдікпен бөлшектер жасауға қабілетті. Технология мүмкіндігі стандартты объективтердің мүмкіндіктерінен едәуір асып түседі. Басып шығару жылдамдығы секундына 333 текше миллиметр - миллиметрлік нысандарды мейлінше дәлдікпен жасауға мүмкіндік береді. Жаңа технологияны көптеген салаларда еркін қолдануға болады. Жоғары технологиялық секторларда ол смартфондарға арналған камера модулдері немесе фотонды есептегіш элементтері сияқты күрделі компоненттер өндірісінде төңкеріс жасай алады. Биомедицинада биологиялық тіндердің егжей-тегжейлі үлгілерін жылдам жасауға мүмкіндік береді. DISH робототехникасында микроботтар мен күрделі иілген пішіндері бар икемді электроника жасауға мүмкіндік береді.

