Қытай ғалымдары сутегіден таза қуат өндірді
Қытай ғалымдары сутегіден таза қуат өндірді
5 жыл бұрын 2997 nege.kz

Бейжіңдегі Цинхуа университетінің ғалымдары экологиялық таза отын элементін әзірледі. Бұл туралы Journal of Renewable and Sustainable Energy хабарлады.

Ғалымдар галий, индий, қалайы және висмуттың қоспасынан қуат алуға қол жеткізген. Ол үшін қоспаны алюминийдің жалпақ тілігімен бірге суға салған. Осылайша сутегі мен электр қуатын алуға болатынын байқапты.

Қытай ғылым академиясы мен Цинхуа университетінің профессоры Цзин Лю қуатты осылай алудың аса тиімділігін айтқан. Оның сөзінше, бұл әдіс жылдам әрі қауіпсіз істейді. Сонымен бірге одан тек кәдімгі су ғана бөлініп шығатындықтан, мұндай қуат өндірісі экологиялық жағынан таза болмақ.

Дегенмен ғалымдар таза экологиялық қуат алу жолында бірқатар мәселелерді шешіп алу керектігін, оған біраз уақыт керектігін айтып отыр.

Сутегіден таза әрі арзан қуат өндіру мәселесі қазір әлемнің барлық дамыған елдерін толғандырып отыр. Германия мұнай мен газ, көмір секілді қазба қуат көздеріне тәуелді болмауы үшін, сутегі энергиясын өндіру бағытындағы барлық ғылыми жұмысқа субсидия беретінін мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат