Қытай ғалымдары миды қатыру саласында елеулі жетістікке жетті
|
Қытайдағы Фудан университетінің ғалымдар тобы ми тінін криогенді (температураның төмендеуіне әкелетін төмен температура құбылысы немесе зат Целсия бойынша (-120°); мұздату қоспасы) мұздату саласында маңызды жетістікке қол жеткізді. Бұл жаңалық өз кезегінде адам ғұмырын арттыруы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Mirror ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша қытай ғалымдары сұйық азотта мұздатылғаннан кейін нейрондарды бүлінбеген күйде сақтаудың жаңа әдісін ұсынды. Ғалымдар бұл бағытта адам ұрығының діңгекті жасушаларын ми үлгілерін өсіру үшін пайдаланды, содан кейін оларды криогенді түрде немесе криогендікк тәсілмен өңдеді. Аталған әдіс болашақта адам миын қалаған мерзімге дейін мұздатуға және ерігеннен кейін оның қалыпты жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Криогеника саласындағы мұндай жаңалықтар адамзаттың өмірін ұзарту және табиғи қартаю процесімен күресу үшін әлеуеті зор инновациялық жаңалықтарға жол ашады.