Қытай ғалымдары адам ғұмырын 150 жасқа дейін ұзартатын дәрі әзірлеп жатыр
Қытай ғалымдары адам ғұмырын 150 жасқа дейін ұзартатын дәрі әзірлеп жатыр
24 күн бұрын 861 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Шенжен қааласындағы биотехнологиялық компания адам ғұмырын ұзартуға арналған салада елеулі жетістікке жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы The New York Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы стартап организмнің қартаю процесін көп тежейтін немесе баяулататын иноовациялық дәрі жасаған. Дәрінің негізгі компоненті – жүзім сүйегінің экстратынан (сығындысынан) бөліп алынған қосынды. Шанхай ғалымдарының зерттеу барысында тәжірибедегі тышқандардың өмір сүру ұзақтығын 9,4%-ға арттырған зат - C1 (PCC1) процианидин табылған. Аталмыш дәріні қабылдаған кәрі  кеміргіштердің ғұмыры 64,2%-ға ұзарған. Аталған компанияның техникалық директоры Лиу Синхуа 150 жас – ең ақырғы меже ретінде таңдалғанын айта келе адамның көп ұзамай осы жасқа дейін өмір сүруі қалыпты жағдайға айналатынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат