Қытай 6G байланыс стандартын қолға алмақ
Қытай 6G байланыс стандартын қолға алмақ
6 жыл бұрын 2595 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Арыдан ойлап, алыстағыны көздейтін Қытай технологиялық мүмкіндігін барынша ұлғайтып, сол арқылы өзінің эконмикалық, қорғаныстық әлеуетін арттырмақ. Бұл бағытта биылдан бастап уақыттан ұтуға мүмкіндік беретін 6G байланыс стандартын кеңінен зерттеу жұмыстыраны кіріспек. Бұл жайында The Paper ақпарат көзі аталған елдің өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Қазіргі уақытта көптеген салада 4G технологиясы қолданылуда, көп ұзамай оның орнын 5G технологиясы басады. 6G байланыс стандартыны осы бастан кірісуге келесі ұрпақтың көш соңында қалып қоймауы үшін алдын ала жасалған қам, қадам десе болады. Өйткені, бұл технология зерттеліп, коммерциялық қолданысқа берілгенше шамамен 10 уақыт кетеді. Егер 6G технологиясы енгізілетін болса, бұл өз кезегінджүктеу жылдамдығын секундына 1 терабитке қол жеткізуге мүмкіндік бермек. Яғни, деректі беру жылдамдығы шамамен 1 мың есе артады. 6G технологиясын зерттеу мен әзірлеу 2020 жылы белсенді кезеңге өтеді. Ал коммерциялық мақсатта пайдалануға 2030 жылы берілмек. Қытайдан өзге АҚШ-та, Ресей де, Еуроодақ та, т.б. осы  бағытта жұмыс істеп жатыр. 

0 пікір
Мұрағат