Қылмысты бір апта бұрын болжайтын алгоритм пайда болды
Қылмысты бір апта бұрын болжайтын алгоритм пайда болды
2 жыл бұрын 2797 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Чикаго университетінің әлеуметанушы және деректерді талдаушы мамандары қылмысты болауға мүмкіндік беретін жаңа алгоритм әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа алгоритм зорлық-зомбылық және мүліктік қылмыстар туралы ашық деректер негізінде қылмыстардың уақыты мен орнындағы заңдылықтарды зерттейді. Бұл тараптағы модел қылмысты бір апта бұрын шамамен 90% дәлдікпен болжайды. Ғалымдар жекелеген моделдер бойынша қылмыстық оқиғадан кейінгі полицияның қанша адамды тұтқындайтынын сараптамадан өткізе отырып, құқық қорғаушылардың қылмысқа қатысты реакциясын да зерделеп көрген екен әрі бұл мәліметтерді, яғни, көрсеткіштерді түрлі әлеуметтік-экономикалық мәртебелері бар аймақтармен салыстырып көрген болатын. Нәтижесінде ғалымдар полицияның бай аудандарда қылмыс орын алған жағдайда көп адамды тұтқындап, қолайсыз, яғни, табысы төмен аудандарда аз адамды тұтқындайтынына, осылайша құқық қорғаушылардың бейтараптығына көз жеткізген.

Бұл құрал Чикагода қылмыстың екі санаты бойынша сынақтан өтті:

• зорлық-зомбылық қылмыстары (кісі өлтіру, шабуылдау және ұрып-соғу);

• мүліктік қылмыстар (тонау, ұрлық және көлік ұрлау).

Жаңа модельқылмыстарды бір-бірінен ажыратады. Ол болашақты болжауда заңдылықтарды табу үшін жеке оқиғалардың уақытша және кеңістіктік координаттарын қарастырады. Модел қаланы секторларға бөледі және дәстүрлі шекараларды пайдаланудың орнына осы шекаралардағы қылмыс деңгейін болжайды. Ғалымдар бұл құралдың дәлдігі оны құқық қорғау органдарына нұсқаулық ретінде пайдалану керек дегенді білдірмейтінін мұқият атап өтеді. Оның орнына оны қалалық саясат пен полицияның қылмыспен күресу стратегиясында пайдалануға болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат