Қуыс талшықты мата ауа-райына байланысты сізді салқын немесе жылы ұстайды
|
Швейцариялық ғалымдар жаңа материалды - жіп түріндегі қуыс ыдыстар тоқылған синтетикалық матаны ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы epfl.ch ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол экзоқаңқаға тірек жүйелерін енгізу бағытында жүгізілген тәжірибенің бір бөлігі. Мәселен, сұйықтық айналымының көмегімен жылыту немесе салқындату үшін жасалса да бұл құрылым қоректік заттарды тасымалдауға және қалдықтарды кетіруге де жарамды. Әрбір түтіктің диаметрі 2 мм-ден аспайды, ол болат сым негізіне полиуретанды жіптерді орау арқылы жасалады. Параллелді түрде жіптер арасында электр тогының өткізгіші ретінде қызмет ететін жіңішке мыс сым тоқылған. Ол түтік ішіндегі сұйықтықтың иондалуына мүмкіндік береді, бұл жайт өз кезегінде оның қозғалуына әкеледі. Бұл дизайн опциясы классикалық сорғыларды пайдаланудан гөрі қарапайым және дыбыссыз болып келеді. Сұйықтықты айдау тиімділігі синтетикалық ыдыстардың ұзындығына кері болатындықтан оларды үлкен сұйықтық контейнерлерімен бірге қолданған жөн. Мәселен, кастюм ішінде жылу тасымалдаушының киімнің барлық аймағына тең бөліп айдау жүйесін құру үшін немесе дененің белігі бір бөлігінде қалыпты температураны ұстап тұру үшін пайдалануға болады. Қарқынды жұмыс кезінде экзоқаңқаның бұлшық еттері қызып кетпеуі үшін де пайдалануға болады. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, мұндай мата жууға және басқа механикалық кернеулерге оңай төтеп береді, яғни, төзімді келеді. Сондай-ақ, химиялық тазартқыштарды қолданса да қауіп жоқ, бұл талшықтар өте берік және өндіруге арзан. Жалғыз кемшілі - бұл құрылым сыртқы энергия көзінсіз жұмыс істей алмайды.