|
Құмықтыруға келмейтін GPS жүйесінің баламасы әзірленді
|
GPS сигналдарын құмықтыру және спуфинг (ауыстыру) кемелерді, ұшақтар мен дрондарды навигациясын, яғни, жиі жаңылдырады. Ғалымдар жердің магниттік өрісіне негізделген GPS-позициялауға балама әзірлеуде. Бұл жайында islam.kz порталы з кезегінде Даттардың техникалық университетіне жөн сілтеген naukatv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осындай жүйелердің бірі - MagNav немесе магниттік навигация. Бұл бірегей жүйені Дания техникалық университеті (DTU) ECC 25 басқару жөніндегі Еуропалық конференцияда ұсынды. GPS-ті манипуляциялау проблемасын шешу өзекті мәселелердің біріне айналғалы қашан, десе де оның шешімі “мұрын астымызда” екенін байқамағанбыз - XI ғасырдан бері қолданылып келе жатқан ежелгі әдіске негізделген: Жердің магниттік алаңы бойынша навигация турасында сөз болып отыр бұл аарада. Енді магниттік өріс тек бағыт-бағдарды ғана емес, сондай-ақ, діттеген мекеннің орналасқан жерін де анықтау үшін пайдаланылады. "MagNav ерекшелігі немесе оның GPS-тен айырмашылығы - ешқандай толқын немесе сәуле бөлмейді - сондықтан оны құмықтыру немесе өшіру мүмкін емес. Жердің магниттік өрісін өшіру мүмкін емес", - деп түсіндіреді бірегей әдісті әзірлеушілердің бірі - DTU профессоры Нильс Ольсен. Спутниктік байланысты талап ететін GPS-тен айырмашылығы - MagNav магниттік өріс күшінің және вариацияларының жергілікті өлшеміне сүйенеді, бұл артықшылық оған сигналдық жүйелердің жұмысын бұзуға бағытталған электрондық кедергілер мен тосқауылдарды айналып өтуге мүмкіндік береді. Жердің магнит өрісінің негізгі бөлігі бүкіл планетаны қамтиды, жер бетінің астында шамамен 2900 шақырым тереңдікте қалыптасады. Жер бетіне жақын тау жыныстары да өз үлесін қосады және олардың магниттік өрісін позициялау үшін пайдалануға болады. Алаң біркелкі емес - керісінше, ол картада таулар мен аңғарға ұқсайтын көрінбейтін ландшафт сияқты бір жерден екінші жерге ауытқиды. Дәл осы шағын вариацияларды MagNav жүйесі пайдаланады. Әдетте ұшақта немесе дронда орнатылған магнитометрдің көмегімен вариациялар жоғары дәлдікпен өлшенеді. Алайда, магнит өрісі түрлі нүктелерде ұқсас болғандықтан, бір өлшем жеткіліксіз. Оның орнына жүйе қозғалыс кезінде өрістің қалай өзгеретінін бақылайды және осы суретті магниттік өріс картасымен салыстыра отырып, жағдайды есептейді немесе бағамдайды.