Құлақ неге шыңылдайды?
|
Ғалымдар құлақтың шыңылдауы мен басқа дене мүшелерінің созылмалы ауруларының байланысы бар екенін анықтады. Құлақтың шыңылдауын («тиннитус» деп аталады) зерттеушілер құлақ ауруларымен, ми атеросклерозымен, есту қабілетінің нашарлауымен байланыстырады. Сондай-ақ, медициналық препараттарды қолданудың әсерінен болады дейді. Ал 55 пен 65 жас аралығындағылардың құлағы жиі шыңылдайды екен. Ғалымдар енді құлақтың шыңылдауы мен созылмалы аурулар мидың дәл қай бөлігінің зақымдалғанын көрсететінін анықтады. Ол бөлік - мидың ішкі медиалды префронталды қабығы мен оған іргелес жатқан ядро. Бұл бөлік адамның кез келген нақты себептерсіз созылмалы аурулардың пайда болуына жауапты. Осы зерттеулерге қарап, ғалымдар енді құлақтың шыңылдауынан қалай арылуға болатынын қарастыруда.