Қорғаныс саласындағы құрал денсаулық сақтау саласына да жарамды технология болып шықты
Қорғаныс саласындағы құрал денсаулық сақтау саласына да жарамды технология болып шықты
7 жыл бұрын 3258 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары қорғанысқа арналған құпия технологияның негізінде масаларды екі шақырым қашықтықтан қадағалауға болатын құрылғы жасап жатыр. Бұл құрылғы өз кезегінде түрлі індет тарататын аса қауіпті жәндіктерден миллиондаған адам өмірін құтқаруға көмегін тигізбек. Бұл жайында South China Morning Post ақпарат көзі хабар таратты. Аталған ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, жаңа құрылғы масаның қанат қағысын шамамен екі шақырым қашықтықтан аулай алады. Айта кету керек, бұл сынақтан өткен радар Қытайдың қорғаныс саласында қолданылатын құпия құрал. Денсаулық сақтау мақсатында осыған ұқсас құрылғы қазіргі уақытта Қытай астанасында орын тепкен технологиялық институттың зертханасында сынақтан өтіп жатыр. Тарқатып айтқанда, осы заманғы әскери радарлар шағын обьектілерді қашықтан сезе алады. Мәселен, америкалық "X-band radar" зымыранға қарсы жүйе бейсбол добының көлеміндей обьектіні 4 шақырым қашықтан сезе алады. Осы бағытта Қытай билігі өткен жылдың соңында аса қауіпті жәндіктерді қадағалау үшін толыққанды радар жасауға 12,9 миллион долларға жуық қаржы бөлді. Ғалымдардың айтуынша, масалар Зика вирусын, безгек, т.б. жаппай қырылуға алып келетін өзге де індеттерді тарата алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын масалардың шағуынан жұғатын түрлі кеселден бір миллионға тарта адам опат болады. Қытай ауыл шаруашылық университетінің жәндіктер маманы, профессор Лю Синьюэнің айтуынша, жаңа құрылғы жер бетіндегі аса қауіпті жаратылысқа қарсы ең тиімді қару болйын деп тұр. Бұл қару өз кезегінде миллиондардың өмірін сақтап қалуға көмектеспек. 

0 пікір
Мұрағат