Қазақстандық дәрігерлер Тәжікстанда тұңғыш рет гибридтік операция жасады
Қазақстандық дәрігерлер Тәжікстанда тұңғыш рет гибридтік операция жасады
5 жыл бұрын 1861

Қазақстан Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Тәжікстанның Республикалық жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығындағы әріптестеріне қан ағымын қалпына келтіру бойынша елдің клиникалық тарихындағы алғашқы гибридтік операция жасауға көмектесті. Бұл жайында 7kun.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

 «Пациенттің жасы 42-де. 2 апта бұрын оның ішегіндегі мезентериалдық артерияларында тромбоз пайда болған. Гибридтік операция барысында науқастың ішектері ішінара алып тасталынды. Сонымен қатар, қалыпты тыныштық жағдайда да науқастың аяғы қатты ауырып жүрген (науқаста сол аяқтың шеті ишемиясының белгілері болған). Перидуральді анестезияның көмегімен (пациент есін біліп жатты) сан, тізе асты, сондай-ақ сирақ артерияларынан тромбтар алынып тасталды. Сол аяғынан тромбтарды алу сапасын бағалау және тамырлардың өтімділігіне көз жеткізу үшін операция интраоперациондық ангиографиямен толықтырылды», — дейді Президенттік клиниканың тамырлық хирургі Берік Кайкенов .

Мұндай операциялар Президенттік клиникада біраздан бері жасалып жүрген әдеттегі операциялар қатарына жатады. Бұл операциялар тиімді, екінші операцияны күту қажеттілігі жойылады, себебі, мұндай жағдайларда уақыт өте тығыз болуы мүмкін.  Ал тәжік дәрігерлері аталған операцияны Медициналық орталық ауруханасы дәрігерлерінің көмегімен алғаш рет орындап отыр.

Президенттік клиникадағы гибридтік операциялар бір жолға қойылған. Бірнеше ай бұрын Аурухана бипландық ангиографиялық кешеннің көмегімен гибридтік араласуларды орындауға мүмкіндік беретін жаңа операциялық жүйені іске қосты. Бүгінде бипландық ангиографиялық кешен әлемдік медицинада, көбінесе диагностикалық мақсатта және шағын тесіктер арқылы орындалатын шағын инвазиялық тамырішілік операциялар кезінде кеңінен қолданылып жүр.

«Мұндай операциялардың бірегейлігі – біздің дәрігерлеріміз бір уақытта тамырішілік, сондай-ақ бас және жұлынға, омыртқаға және кез-келген басқа органға ашық араласуларды жүргізеді. Әдетте бірнеше кезеңде орындалатын операцияларды біз бір кезеңде орындаймыз.  Инновациялық жүйе — жоғары технологиялық араласулардың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға ғана емес, сондай-ақ, күрделі операцияларды орындау процесін айтарлықтай жеңілдетеді», — дейді профессор, Президенттік клиниканың директоры Валерий Бенберин.

Дәрігерлер гибридтік операциялардың көмегімен медицинадағы ең басты ресурс – уақытты үнемдейді. Пациент операцияда, тиісінше наркоз әсерінде аз жатады, сондай-ақ, орган тамырларын диагностикалау және көру кезінде пайдаланылатын контрасты заттар мен рентгеннің теріс әсеріне аз ұшырайды. Бипландық кешенді – нейрохирургиялық тамырішілік операцияларға арналған алтын стандарт деп те атайды. Президенттік клиникада осы технология бойынша ашық операциялар да жасалады.

0 пікір
Мұрағат