Қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін түнгі симптом
Қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін түнгі симптом
3 жыл бұрын 1905 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуропалық Lung қорының ғалымдары обструктивті апноэнің (OSA)  қатерлі ісіктің түнгі (ұйқыдағы симптомына) белгісі болуы мүмкін екенін алға тартып отыр. OSA — ұйқы кезінде адамның тыныс алуының кенеттен тоқтап қалуы, яғни, қорылдап жатқан адам уақытша қысқа сәтке дем алмай, қайта тыныс алуы организмде обырдың пайда болуынан хабар беруі ықтимал. Тыныс алуы уақытша тоқтап қалған адам ұйқысынан оянбайды, яғни, оның ұйқысын үзетіндей мазасыздықты сезінбейді, өйткені, тыныс алудың уақытша тоқтап қалуы орташа есеппен 40 секунда созылады. Бұл жайында islam.kz порталы Medicalxpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте OSA кезінде адамның тыныс алу жолдары ішінара жабылып қалады, нәтижесінде қан құрамындағы оттегі төмендеп, қатты шаршайды. Статистикалық деректер бойынша мұндай жайтты бастан жиі кешетін адамның бойынан қатерлі ісік белгілері байқалып жатады. Бұл тарапта ерлерге қарағанда әйелдердің осындай белгімен онкологиялық дертке шалдыққаны білініп жатады.

Қатерлі дертті пайда болу ықтималдылығын 19 жыл бұрын анықтау тәсілі табылды 

Болашақта пайда болу ықтималдылығы басым ауруды бірнеше жыл бұрын алдын ала анықтау әдісі табылды. Бұл арада екінші типті сусамыр қатері турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қан құрамындағы фоллистатин ақуызының мөлшеріне қарап 19 жыл бұрын аталған аурудың пайда болу ықтималдылығын анықтауға болатынын алға тартып отыр мамандар. Ғалымдардың тұжырымы бойынша фоллистатин ақуызының мөлшеріқан құрамында көп болса, сусамырдың пайда болу қатері артпақ. Әдетте аталған ақуыз бауырдан бөлінеді және метаболизмді (зат алмасу процесін) реттеуге атсалысады.

0 пікір
Мұрағат