Қатерлі ісікке қарсы дәріні ДНҚ-нанотасымалдаушы жасалды
Қатерлі ісікке қарсы дәріні ДНҚ-нанотасымалдаушы жасалды
2 жыл бұрын 1105 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Sangharsh Lohakare / Unsplash

Монреал университетінің (Канада) ғалымдары ДНҚ негізінде қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек жеткізудің жаңа жүйесін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып ммәлім етеді. Ақуыз тасымалдаушыларына ұқсас молекулалық нанотасымалдаушылар діттелген тіндер мен ағзаларға тиімді ем рретінде қолданылуы арнайы бағдарламалануы мүмкін. Дәрілердің көпшілігі организмде тез дегредацияға ұшырайды немесе жойылады, бұл жайт өз кезегінде науқастарды жүйелі түрде, яғни, ұдайы дәрінің бірнеше дозасын қабылдауға мәжбүр етеді. Ал бұл фактор әдетте дәрі қабылдау режимінің сақталмауына және пациенттің емханаға жатқызу қаупінің жоғарылауына әкеледі. Бұл мәселені шешу үшін кинетикалық бағдарламаланатын дәрі-дәрмек жеткізу жүйелері (DDS) әзірленді, олар біртіндеп ыдырайтын полимерлі матрицалар болып табылады, олар құрамындағы препараттарды біртіндеп босатады. Бұл тараптағы жаңа зерттеуде ғалымдар Ле Шателье принципін қолданды, яғни, жүйе әсерге жауап ретінде өзінің әрекетін осы әсерді азайтатындай өзгертеді. DDS-ке қатысты бұл жеткізу жүйелері өзін қоршаған тіндердегі осы препараттың концентрациясының өзгеруіне жауап ретінде препараттың шығарылу жылдамдығын реттеуі керек дегенді білдіреді. Мұндай DDS-тер бағдарламаланатын буферлер деп аталады.

0 пікір
Мұрағат