Қатерлі ісік метастазын тоқтататын тәсіл табылды
Қатерлі ісік метастазын тоқтататын тәсіл табылды
5 жыл бұрын 8438 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Белгиялық ғалымдар организмде қатерлі ісіктің жасушаларға таралу тетігін әрі бұл процесті биохимиялық тұрғыдан бұғаттайтын тәсілді де тапты. Бұл жаңалық өз кезегінде метастазбен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Бұл жайында Nature Communications ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, Лувендік католиктер университетінің ғалымдары бүкіл организмге тез тарайтын агрессиялық қатерлі ісік жасушалары өсуі үшін қуатты липидті тамшылар деп аталатын жасуша ішіндегі қаптан алатынына көз жеткізді. Негізгі ісіктен ажыраған соң метастаздық жасушалар липидтік тамшылардағы май қорымен қоректеніп, қоршаған ортаның агрессиясына төтеп береді. Ғалымдар TGF-бета2 белогының обыр жасушасында липидті жинау процесін іске қосатынын анықтады. Ал оны бұғаттаса, онкологиялық ауруға шалдыққандардың қаза болуына апарып соқтыратын себепке жататын метастаз процесі тоқтайды. Ендігі кезекте ғалымдар TGF-бета2 белогын бұғаттайтын дәрі жасауды ұйғарып отыр. Бұған қоса, бұғаттаушы дәрімен емдеу тәсілі, сонымен қатар, метастаздағы липидтік қаптың қалыптасуын бәсеңдететін семіздікті емдеуге арналған дәрімен толықтырылады.

0 пікір
Мұрағат