Қатерлі ісік ішінен қауіпті бактерия табылды. Тері обырын қан анализі арқылы анықтау тәсілі пайда болды
Қатерлі ісік ішінен қауіпті бактерия табылды. Тері обырын қан анализі арқылы анықтау тәсілі пайда болды
2 жыл бұрын 2112 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: National Cancer Institute / Unsplash

Қытайдағы Уестлейк университетінің ғалымдары қатерлі ісік ішінен табылған бактерияның науқастың өміріне қауіпті метастаздың қалыптасуына ықпал етіп, ауру өршіп, дерт меңдеген сайын ақау шалған жасушалардың қарсылығын арттыратынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта қатерлі ісік жасушаларында микроорганизмдердің елеулі бөлігі бар сүт безі обырына шалдыққан тышқан үлгісімен тәжірибе жасап көрді. Нәижесінде бактериялар ақау шалған жасушалармен бірге қан жүйесі арқылы денег тарап, қатерлі ісік метастазын тудыратыны белгілі болды. Осы орайда мынадай факторды ескере кеткен жөн: микроорганизмдер жасушалық актин желісін модуляциялауға және қандағы механикалық кернеу жағдайында, яғни, қанның стрестік жағдайында жасушаның өмір сүруіне ықпал етуге қабілетті. Сүт безі ісігіне бактериялардың бастапқы қаупі төмен болып келетін бір ғана инъекциясы ісіктің метастазын тудыруы мүмкін. Ғалымдар қатерлі ісік жасушасының ішіндегі бактериялардың обыр жасушаларының метастазының өршуіне ықпал ететінін анықтай отырып, ішек микробиомы мен иммундық жүйенің де қатерлі ісік жасушасының ішіндегі бактериялармен бірге обырдың асқынуына жол беруі мүмкін екенін жоққа шығармады. Ғалымдар алдағы уақытта бактериялардың қатерлі ісік жасушаларына қалай еннетінін әрі обыр жасушасы ішіндегі бактериялардың жасуша жүйесіне қалай кірігетінін, сондай-ақ, құрамында бктерия кездесетін обыр жасушасының иммундық жүйемен қалай өзара әрекеттесетінін анықтауға кіріседі.

Тері обырын қан анализі арқылы анықтау тәсілі пайда болды 

Мичиган университетінің (АҚШ) ғалымдары терінің қатерлі ісігін (меланом) қан сараптамасы арқылы анықтаудың жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Advanced NanoBiomed Research мепзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта тері обыры диаоностикасында инвазивті тері биопсиясын пайдаланады. Яғни, терінің немесе тері тінінің кесіп алып, микроскоппен анықтау әдісі қолданылады. Ал OncoBean құрылғысы қан құрамында қанмен сұйықтығымен айналып жүрген қатерлі ісік жасушаларын тануға мүмкіндік береді. Бұл тесті немесе тәсілді меланомды анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар, отадан кейін қатерлі ісік жасушаларының бар-жоғын қадағалауға (мониторинг) пайдалануға болады. Ғалымдардың айтуынша, бұл ісік жасушаларының саны мен ген экспрессиясының өзгеруін анықтауды қамтитын микрофлюидтік жүйелерді пайдаланатын КТК-ның алғашқы кешенді талдауы. Биыл дәрігерлер онкологиялық ауруды анықтаудың ерекше симптомдарын атаған болатын: қабақтың қышуы, мұндай эффекті қатерлі ісік жасушаларының шектен тыс көбеюінен пайда болады, бұдан бөлек, тағы бір симптомына көздің жарықтан қарығуы – көз тұманданады, көз алдында толқынды сызықтар пайда болады.

0 пікір
Мұрағат