Қанды тазартуға арналған «сорғы» жасалды
Қанды тазартуға арналған «сорғы» жасалды
11 ай бұрын 1030 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Петерборлық (Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы) ғалымдар қолдану аясы кең, дәлірегі, адамға қауіпсіз, табиғи баламасына қарағанда тиімділігі (сіңіру қабілеті) 2-4 есе жоғары гемосорбент жасады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Курчатов институтында жаңа синтетикалық монтмориллонитке жүргізілген зерттеулер оның қан жасушаларын зақымдамай, улы заттардың жоғары мөлшерін сіңіре алатынын және адам организіміне мүлдем зиянсыз екенін растады. Сондай-ақ, аталмыш орталық мамандары бұл сорбентте бастапқыда көрсетілген қасиеттердің барлық жиынтығы барын алға тартып отыр - айрықша материалдың белгілі бір химиялық және фазалық құрамы, оның текстуралық параметрлері, құрамдас бөлшектердің өлшемдері және морфологиясы бар. Сонымен қатар, синтетикалық монтмориллониттер қанды тазартып қоймайды, одан күйік шалған жерді немесе жарақатты емдейтін пластыр жасауға болады.

0 пікір
Мұрағат