Қандай аурулардың адамды ерте қартаюға бастайтыны айтылды
Қандай аурулардың адамды ерте қартаюға бастайтыны айтылды
3 жыл бұрын 1886 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Михаил Каган есімді Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері gazeta.ru ақпарат көзіне берген сұхбатында қартаю процесін тездетін ауруларды атады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ақпарат көзіне берген сұхбатына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның айтуынша, адамның биологиялық жасына генетикалық факторлар немесе қалай өмір сүретіні ғана емес, сонымен қатар, вирустар мен созылмалы стресс те әсерін тигізеді. Тұқым қуалайтын ерекешліктердің адамның табиғи жасына тигізер әсері үлкен, десе де басқа аурруларға қарағанда вирустың да биологиляқ жасқа кері ықпал етпек. Осылай деген ол ВИЧ дертінің, сондай-ақ, COVID-19 жұқпалы індетіне шалдықтыратын SARS-CoV-2 вирусының ерте қартайтынын алға тартты. «Пандемияның бас кезінде өзгелеріне қарағанда қарттар короновирустан қатты ауырды әрі көп өлді. Көбінесе бұл олардың қанындағы маркер деңгейінің көтеріліп кетуімен байланысты орын алды. Бұл қабыну короновирустың ауыр өтуіне ғана ықпал етіп қоймай, сонымен бірге, жүрек-қан тамыр ауруларын, деменцияны (алжу), онкологиялық ауруларды, бүйрек ақауын өршітіп жіберді. Мұндай кезде иммундық жүйенің тұрақтылығы төмен болады, бұл жайт өз кезегінде кейбір адамдарға қартаюдың салдарына қарсы тұруына кедергі келтірді»,- деп түсіндірді дәрігер. Бұдан бөлек, пандемия кезінде жұқпалы індеттен аман қалғандардың өзі стрестен зардап шекті: жақындарынан айырылу, жұмыссыздықтың белең алуы, т.б. ерте қартаюға бастайтын факторларға айналды.

0 пікір
Мұрағат