Қан қысымы жоғары науқастардың ғұмырын ұзартатын тәсіл табылды
Қан қысымы жоғары науқастардың ғұмырын ұзартатын тәсіл табылды
5 жыл бұрын 4046 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бостондағы Бригам әйелдер емханасының дәрігерлерінің бірнеше жыл бойы қан қысымын мұқият қадағалау арқылы науқастардың ғұмырын ұзартуға септігін тигізетін ауқымды зерттеу нәтижесі EurekAlert ғылыми сайтында жарияланды. Бұл бағыттағы тәжірибеге жасы 50-ді еңсерген, қан қысымы сынап бағанасы бойынша 180 мм-ге дейін жететін 9 мыңнан аса науқас өз еркімен қатысқан екен. Оларды екі топқа бөліп тәірибе жүргізген. Екі топқа да антигипертензивтік терапия әдісін қолданған. Бірінші топтағылардың қан қысымын сынап бағанасы бойынша 120 мм-ден асырмауға күш салған. Ал екінші топтағылар үшін ең жоғары меже ретінде сынап бағанасы бойынша 140 мм белгіленді. Тәжірибе барысында қан қысымын төменгі деңгейден асырмау өз кезегінде науқастың ғұмырын бір жарым жылдан үш жылға дейін ұзартуға мүмкіндік берген. Алайда, мұның басты қиындығы қан қысымының көрсеткішін ұдайы қадағалап отыруда жатыр.

0 пікір
Мұрағат