Қан құрамындағы артық глюкозаны (қантты) электр энергиясына айналдыратын имплант жасалды
|
Ғалымдар қан құрамындағы артық глюкозаны электр энергиясына айналдыратын отын элементінен имплант әзірледі. Аталмыш құрылғы Бұл жайында –ші типті қан диабетінен зардап шегетін науқастарға арналған. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Швейцариядағы Цюрих жоғары техникалық мектебінің (ETH Zurich) биоинженерлері тері астына имплнатталатын, қан құрамындағы қантты электр энергиясына айналдыратын отын элементінің прототипін жасады. Мұндай жолмен өндірілген энергия жасанды бета-жасушадағы капсула көмегімен инсулин өндіруге пайдаланылады. Бұл құрылғы 1-ші типті қант диабетімен күресуге көмектеседі. Отын элменті мыс негізіндегі нанобөлшек анодтан тұрады. Ол глюкозаны глюкон қышқылына және электр тізбегін басқаратын электр энергиясын өндіру үшін протонға ыдыратады. Құрылғы тоқыма емес материалға оралған және балдырлар сығындысынан алынған биоүйлесімді (яғни, биологиялық жағынан жатырқамайтын) өнім альгинатпен қапталған. Альгинат дене сұйықтығын сіңіреді және глюкозаның ұлпадан ішіндегі отын ұяшығына (элементіне) өтуіне мүмкіндік береді. Зерттеушілер бұл электр көзін жасанды бета жасушалары бар, бұрын жасалған капсулаға қосып көрді. Олар инсулин шығаратын ұйқы безінің эндокриндік бөлігінің жұмысын имитациялайды. Жасанды жасушаларды электр тогы немесе көгілдір жарықдиодты шам арқылы гормон өндіруге және шығаруға ынталандыруға болады. Аталған жүйе энергия өндіру процесін инсулинді қажетті жеріне жеткізу процесімен біріктіреді. Отын элементі глюкозаның артық мөлшерін тіркегеннен кейін ол энергия өндіре бастайды. Содан кейін бұл электр энергиясы жасушаларды ынталандыру үшін пайдаланылады, соның нәтижесінде инсулин өндіріледі және босатылады. Нәтижесінде қандағы қант қалыпты деңгейге дейін төмендейді.
Құрылғының жұмысын сипаттайтын сызба. Имплант қандағы глюкоза деңгейі көтерілгенде инсулин өндірісін белсендіреді, гормон қандағы қант деңгейін төмендетеді, содан кейін қуат өшеді және инсулин өндірісі тоқтайды. Сурет: Maity D, et al, Adv. матер.