Қан анализіне қарап, адамның қаншалықты ғұмыры қалғанын анықтауға болады
Қан анализіне қарап, адамның қаншалықты ғұмыры қалғанын анықтауға болады
5 жыл бұрын 2613 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Кливленд емханасы мен Кливленд университетіне қарасты аурухана ғалымдары адамның өмір сүру ұзақтығын оның қан анализіне қарап анықтайтын жолды тапты. Аталмыш зерттеу нәтижесі JAMA Network Open мерзімді басылымында жарияланды. Бұл бағытта ізденген америкалық ғалымдар денсаулық пен тамақтану жөніндегі ұлттық зерттеу бағдарламасына (NHANES) қатысқан 31 мыңнан аса адамның мәліметтерін 12 жыл бойы талдап, саралаған екен. Нәтижесінде дәрігерлер лимфоциттер мөлшері мен өлу қатерінің арасында тұрақты өзара байланыстың барына көз жеткізген. Бұл байланыс адамның жасына, қанның өзге де иммундық маркерлеріне және қосымша қатер тудыратын факторларға тәуелді емес. Белгілі болғандай, лимфопения – лимфоциттер деңгейінің төмен болуы ағзада қабыну процесінің белең алғанын көрсетеді. Обырдан бастап тұмауға дейінгі түрлі аурулар лимфоциттер деңгейінің төмендеуіне себеп болады. Бұған қоса, адамның қанша ғұмыры қалғанын көрсетіп беретін тағы бір көрсеткіш бар – эритроциттердің таралуы. Ол да лимфоцитпен қатар пациенттің дансаулығынан толық ақпарат бере алады. Сонымен бірге, үшінші көрсеткішке С-реактивті белок деңгейі жатқызылады. Ол да адамның қанша ғұмыры қалғанын анықтауға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат