Қалқымалы күн батареясы судың булану деңгейін 60 пайызға азайтты
Қалқымалы күн батареясы судың булану деңгейін 60 пайызға азайтты
2 жыл бұрын 2074 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бразилиядағы Понта-Гросса мемлекеттік университеті мен АҚШ-тың Луизиана университетінің ғалымдары қалқымалы күн батареяларының су қоймаларындағы судың булану жылдамдығына әсерін бірлесіп зерттеді. Бұл жайында islam.kz порталы Energies ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта олар Бразилияның Парана штатындағы Пассауна су қоймасында 130 кВт күн жүйесін пайдаланды. Су қоймасы 8,5 шаршы мшақырым аумақты алып жатыр және орташа тереңдігі - 6,5 м, ал жалпы көлемі 69,3 текше гектометрді құрайды. Электр стансасы жүйесі 1265,14 шаршы метр аумақты алып жатыр және 395 фотоэлектрлік модулден тұрады. Поликристалды модулдердің максималды қуат рейтингі - 330 Вт және өлшемдері - 1960 мм x 991 мм x 40 мм. Су қоймасы Куритиба, Араукария және Кампо Ларго қалаларымен шектеседі және Куритиба Митрополиттік аймағына жататын Парана тұрғындары тұтынатын судың 20% қамтамасыз етеді. Зерттеушілер судың булану жылдамдығын өлшеу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы ұсынған Пенмум-Монтейт әдісін қолданды. Ғалымдар бір жыл ішінде аталмыш су қоймасындағы буланған су мөлшері  4,47 млн ​​текше метр екенін анықтады, бұл көрсеткіш жергілікті тұрғындардың жыл сайын тұтынатын су көлемінің 10,4%-ына тең. Зерттеушілер жүзбелі күн жүйесінің судың булану мөлшерін 60,20% тиімділікпен төмендететінін есептеп білді. Олар, сондай-ақ, судың булану жылдамдығына әртүрлі өлшемдегі фотоэлектрлік жүйелердің әсерін зерделеп көрді. «Су бетіндегі қалқымалы күн жүйесінің ауданы неғұрлым үлкен болса, судың булануы соғұрлым азаяды, демек, үнемделген су көлемі де соғұрлым көп болады», - дейді зерттеушілер. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 5 МВт-тық жүйе шамамен 16 000 текше метрді суды үнемдей алады, бұл көрсеткіш 196 тұрғынының жыл бойғы тұтынатын су мөлшеріне тең. Аталмыш жүйе өндіретін электр энергиясы жан басына шаққанда сағатына 1,95 кВт тұтынатынын ескерсек, Парана штатының 2563 тұрғынының электр энергиясына деген қажеттілігін өтей алады.

0 пікір
Мұрағат