Қалалы жердегі шуды басатын ең тиімді ағаш анықталды
|
Қалалық жердегі шуды басатын ең тиімді ағаштың балқарағай екені белгілі болды. Дәлірегі, аталған ағаштың қабығы шуды «сіңіріп» алуда өзге ағаштардан тиімді. Лондон университеті колледжінің (UCL). биологтары осындай тұжырымға келіп отыр.
Ағаштар қалалы жердегі шумен күресуді маңызды рөл ойнайды. Бриатниялық мамандар осы бағытта жүргізілген зерттеу барысында 13 түрлі ағаштың 76 үлгісін алып зерделеген екен. Дәлірегі, олардың қабығының ерекшелігін, соның ішінде, шуды басудағы өзгешелігін зерттеп көрген болатын. Қалалы жерде жиі кездесетін шие, келіншектал, терек, шырша, т.б. ағаштарды қарастырған. Белгілі болғандай, қылқанды ағаштар жапырақты ағаштарға қарағанда шуды басуда тиімділігін көрсеткен. Өйткені, қылқанды ағаштардың қабығы жапырақты ағаштарға қарағанда қалыңдау болып келеді. Ал осы қылқанды ағаштар арасында шуды басудағы ең тиімдісі балқарағай болып шықты. Сол себепті, мамандар қалалы аумағындағы саябақтарда негізінен шуды мейлінше аз өткізетін балқарағай ағашын отырғызуға кеңес беріп отыр.