Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» атты жаңа кітабы баспаға жол тартты
Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» атты жаңа кітабы баспаға жол тартты
3 жыл бұрын 23580

Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабына алдын-ала тапсырыс беру басталды

Автор @kairatzholdybaiuly бұл кітабында жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқырманын “кемел адам” болуға шақырады.

Кітаптың бірінші бөлімінде кемелденудің психологиялық кедергілері түсіндіріліп, түйіні тарқатылса, екінші бөлімде тән сау- лығының маңыздылығы, денсаулықты күтудің жолдары мен жай-жапсары баяндалады. Үшінші бөлімде уақытты тиімді пайдалану және жоспарлау тәсілдері мен тетіктері берілген. Төртінші бөлімде қаржылық сауаттылық жайлы түсіндіріліп, тапқан табысты нәтижелі жұмсаудың бағыт-бағдары айтылады. Ал бесінші, алтыншы бөлімде эмоциялық зерде, яғни байсалдылық танытып, көңіл-күй, сезімдерімізді басқару тәсілдері мен қарым-қатынас қағидалары жан-жақты түсіндіріледі. Әр бөлім мысалдар және рухани ұстын, қағидалармен бекітіліп отырады.

Кітапта айтылған тұлғалық дамуға қатысты ереже-тәсілдерді жүзеге асыруға көмекші құрал ретінде арнайы «Кемел адам күнделігі» қоса ұсынылып отыр.

➡️ «Кемел адам» кітабы арнайы күнделік және қаламымен бірге (алдын ала тапсырыс бергендер үшін ғана) 7000 тг (әзірге жеке сатылмайды).

Кітап саны шектеулі. Алдын ала тапсырыс берген кісілер Қайрат Жолдыбайұлының ҚОЛТАҢБАСЫ жазылған кітабын алатын болады. 

Кітап 28 қазан жарық көреді.
Бет саны: 360 бет
Мұқабасы: қатты

Тапсырыс беру үшін:
1) www.kitapal.kz  сайтына тіркеліңіз. Жеке почтамен, Google арқылы да тіркеле аласыз.
2) Басты беттің төменгі жағында «Жақында» деген айдармен «Кемел адам» кітабы тұр. Сатып алыңыз.
3) Немесе «Іздеу» бөліміне «Кемел» деп жазсаңыз, «Кемел адам» кітабы шығады. Сатып алыңыз.
4) Банк карточкасында «Интернет покупка» бөлімі және лимит ашық болу қажет.

Сұрақ туындаса немесе уатсап арқылы тапсырыс бергіңіз келсе, менеджерге хабарласыңыз:
8-777-532-22-33
8-775-562-22-33



 

0 пікір
Мұрағат