Қай тағамға тәбеті тартып тұратынына қарап, адамның денсаулығында қандай кінәрат барын білуге болады – ғалымдар
Қай тағамға тәбеті тартып тұратынына қарап, адамның денсаулығында қандай кінәрат барын білуге болады – ғалымдар
4 жыл бұрын 7708 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Владимир Хавинсон және Светлана Трофимова есімді геронтолог ғалымдар "Россия 1" телеарнасының эфирінен адамның қандай тағамды жиі тұтынатынына қарап, оның организіміне не жетіспейтінін немесе бойында қандай кесел барын топшылап білуге болады деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, мәселен, ірімшік пен сүт өнімдеріне аңсары ауып тұратын адамның остеопороз дертіне шалдыққанын білуге болады. Яғни, түсінікті тілмен айтқанда, аталған тағам түрін жиі тұтынатын адамдардың сүйек тінінің құрылымы бұзылған, сол себепті, олар организмге жетіспейтін кальций мен фосфорды аталған тағам түрінен табады. Егер адам шоколадты жиі жесе, ол созылмалы стреске түскен болуы мүмкін. Бұл тағам түрінде триптофанның амин қышқылы кездеседі. Ал ашшы тағамға тәбеті тартып тұратындардың көбісінің зат алмасуында (метаболизм) ақау бар немесе организіміне қандай да бір инфекция түскен. Енді біреулер бар ұдайы суық тағамдарды, мәселен, балмұздақты қалайды. Әдетте олардың асқазан-ішек жолдарында қандай да бір кеселге ұрынған.

0 пікір
Мұрағат