|
Қай мамандық иелері қатты стресс алады?
|
Ғалымдар клиенттер мен басшылардың қас-қабағына қарауға тура келетін әрі беделі төмен, жалақысы аз мамандық иелерін анықтап қоймай, осы кәсіптің соңында жүргендердің қатты стресс алатынын да зерттеп білген. Нақтырақ айтқанда, күзетші, жүкші, даяшы және сатушы секілді кәсіппен айналысатындар дәрігерлер мен инженерлер (жоғары білімді қажет ететін) секілді мамандық иелеріне қарағанда әлдеқайда күйзеліске бейім келетінін анықтаған. Аталған кәсіп иелерінің жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қатері жоғары болып шыққан. Бұл тақырыптағы зерттеу мақала Neurology басылымында жарық көрген. Ал қытай ғалымдары үш құрлықтағы 18-75 жас аралығындағы 140 жұмысшыларды бақылап, өз байқағандарын жария етті. Қытай ғалымдары зерттеуге қатысқандардың 16 жасқа дейінгі денсаулықтары турасындағы мәліметті де назардан тыс қалдырмаған. Барлық мамандық түрлері екі өлшем бойынша жіктелген: психологиялық салмағының деңгейі мен еңбек процесіндегі жұмысшыны бақылау деңгейі. Жұмысы ауыр болса да педагог, сәулетші, жоғары білімді талап ететін т.б. мамандық иелеріне қарағанда аталған кәсіп иелерінің бойынан инсульт алу қатерінің көп болатынын анықтаған. Қоғам тарапынан аса құрметтеле бермейтіндіктен психологиялық салмақ деңгейінің жоғары болатынына байланысты олардың инфаркт пен инсульт алу қатері жоғары. Аталған кәсіп иелерінің инсульт алу қатері дәрігерлер мен инженерлерге, т.б. қарағанда 22 пайызға жоғары болатын көрінеді.
Ал «ҚазАқпараттың» жазуынша, мұндай кәсіп түрлеріне адамдардың өз денсаулықтарын құртып, өздеріне көп міндеттер алуына тура келетін және өздері түк шешпейтін кәсіп түрлері жатқызылады, - деп жазады The Telegraph. Осылайша, жұмысы көп және аз төленетін кәсіп түрлері (мысалы, даяшылар) адамдардың жүрек ауруларына (ишемиялық инсульт алу мүмкіндігі 58 пайызға дейін артып отыр) шалдығу қаупін арттырады.
Ал күйзеліске аз ұшырайтын ғалымдар мен сәулетшілер үшін жүрек ауруларына шалдығудың қаупі үлкен емес. Айта кетейік, ауысым кестесімен істелетін жұмыс обырдың дамуы мен жалпы алғанда денсаулықтың бұзылуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Сондай-ақ «қара тізімдегі» кәсіптердің қызметкерлері денсаулықтарына дұрыс қарамай, темекі шегіп, нашар тамақтанады, жаттықпайды деп ойлауға негіз бар.
Рейтингті құрғанда жалпы алғанда 138782 адамның мәліметтері есепке алынған (күйзеліс деңгейі, олардың денсаулық жағдайы, жұмыс сапасы тіркелген). Адамдарды 3 жылдан 17 жылға дейін бақылаған. Жалпы алғанда күйзелістің жоғары деңгейі бар жұмыс қызмет көрсету саласында (даяшылар, күтушілер) болған. Сондай-ақ ондай жұмыс ер адамдар арасында инсульт қаупін 4,4 пайызға, ал әйелдер арасында 6,5 пайызға өсірген.