Программаланатын синтетикалық материал жасалды
Программаланатын синтетикалық материал жасалды
4 жыл бұрын 2351 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар синтетикалық материалды программалауды меңгерді. Аталмыш тәсілдің көмегімен дәрігерлер, мәселен, дәріні адам организімінде қалай ыдырау керектігін бағдарлай алады. Дәлірегі, Берклидегі Калифорния университетінің және Бохумдегі Рурс жоғарғы оқу орнының ғалымдары атом-зонд томографиясын көп қырлы металдық органикалық каркаста күрделі жолмен орналасқан металл иондарын санау үшін қалай пайдалануға болатынын көрсетіп берді. Бұл каркас белгілі бір құрылымды қалыптастыратын органикалық бірлік ретінде алға шығады. Оның көмегімен, мәселен, материалдың пішінін анықтап, нақты бір әрекетке бағдарлай аласыз. Металл тізбегін пайдалана отырып ақпаратты кодтау үшін металдық  схема формасын есептеу мүмкіндігі болуы тиіс. Ғалымдар тұңғыш рет атомдық- зондтық томографияны пайдалана отырып, кобальт, кадмия, қорғасын және марганец комбинациясынан тұратын металдық- органикалық құрылымды жобалай алған еді.  Болашақта бұл металдық-органикалық құрылым программаланатын химиялық молекуланың негізіне айналуы мүмкін. Мәселен, оны белсенді дәрілік ингредиентті организмге енгізу үшін және инфекция шалған жасушаларға бағаттау үшін программалауға болады. Бұдан бөлек, дәрігерлер организмге ең алдымен қандай дәрі керектігін анықтай алар еді.

0 пікір
Мұрағат