Пластикалық қалдықтарды электрониканың құнды компонентіне айналдырудың жолы табылды
Пластикалық қалдықтарды электрониканың құнды компонентіне айналдырудың жолы табылды
3 ай бұрын 611 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Делавер университетінің және Аргонна ұлттық зертханасының ғалымдары қалдық полистирол көбігін PEDOT: PSS деп аталатын аса құнды өткізгіш - полимерге айналдыру әдісін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceDaily ғылыми, мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алынған материалды кремний негізіндегі гибридті күн батареялары және органикалық электрохимиялық транзисторлар сияқты функционалды электронды құрылғыларға кіріктіруге болады. Пайдалы полимер полистиролды сульфондау (химиялық реакция) процесі арқылы алынады. Зерттеушілер бұл бағытта көптеген сынақ жүргізді. Нәтижесінде олар полимер сульфонизациясының жоғары дәрежесіне және пластикалық қалдықтарды құнды материалға айналдырудың экологиялық таза әдісі бойынша процестегі ақаулардың мейлінше аз болуына қол жеткізді.

0 пікір
Мұрағат