Пестицид өлімге апаратын су патогендерінің таралуына ықпал етеді
Пестицид өлімге апаратын су патогендерінің таралуына ықпал етеді
4 жыл бұрын 2855 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ауыл шаруашылығында арам шөптермен, түрлі зиякестермен және ауру өсімдіктермен күресу үшін кеңінен пайдаланылатын петицидтің паразиттік ауруларды тарататынын дәлелдеп шықты. Бұдан жылына миллиондаған адам зардап шегіп жатыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, Берклидегі Калифорния университетінің ғалымдары пестицид пен өзге де агрохимикаттар, яғни, тыңайтқыштар ауыл шаруашылығында пайдаланылса, бұл өз кезегінде инфекцияның алдын алатын судағы экологиялық тепе-теңдікті бұзып, шистосомоздың таралуын тездетеді. Шистосомоз паразиттік құрттардан пайда болады. Ол тұшшы суда тіршілік ететін ұлудың ішінде өсіп-өнеді әрі лас суда таралады. Аталмыш инфекция адамның бауыры мен бүйрегін зақымдайды. Lancet Planetary Health мерзімді басылымында жарияланған бұл бағыттағы зерттеу барысы мен нәтижесінен белгілі болғандай, агрохимикаттар шистосомозды бірнеше жолмен таралуына жағдай жасайды: паразит тасымалдайтын ұлулармен қоректенетін тіршілшік иелерін жоя отырып, паразиттің суда өмір сүруіне жағдай жасайды әрі ұлудың негізгі қорегі болып табылатын судағы балдырдың құрамын өзгертеді. Ғалымдар, сондай-ақ, су қоймасының құрылысы мен ирригациялық жүйенің де тұшшы судың экологиялық тепе-теңдігін бұза отырып, шистосомоздың таралуына ықпал ететінін алға тартып отыр. Бұл тарапта арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар қосымша мыңдаған деректерді сараптап, шистосомоздың өмірлік кезеңдерін қамтамасыз ететін компоненттердің агорхимикат концентрациясымен байланысына қатысты 144 тәжірибені зерделеген екен. Содан соң олар бұл мәліметтерді паразиттің жұғу, яғни, берілу динамикасын тіркейтін математикалық моделге кіріктірді. Модел егістік алқаптарда пайдаланылғаннан кейінгі агрохимикаттардың концентрациясын бағалап, инфекцияның адам популциясына әсерін өлшейді. Ғалымдар көз жеткізгендей, тіпті, пестицидтің, соның ішінде  атразиннің, глифосаттың және хлорпирифостың аз ғана концентрациясының өзі шистосомоздың таралу жылдамдығын арттыра алады. Африка құрлығының батысында орын тепкен Сенегал аумағынан ағып өтетін өзен арналарынан агрохимиялық ластанудан пайда болатын аурулар деңгейінің тағам құрамындағы натрия мен қорғасын әсерінен туындайтын аурулардан кем түспейтіні анықталды.

0 пікір
Мұрағат