Паркинсон ауруын бес жылдан соң қолдан өсірілген нейрондармен емдеуге көшеді
Паркинсон ауруын бес жылдан соң қолдан өсірілген нейрондармен емдеуге көшеді
2 жыл бұрын 1818 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар Паркинсон ауруынан зардап шегетін науқстарды емдеудің тың тәсілін ойлап тапты, таяу болашақта зертханада өсірілген жүйке жасушаларын пайдалану арқылы аталған дерттен емдеу шарасы қолға алынуы мүмкін. Бұл тарапта клиникалық сынақтың алғашқы кезең басталғанын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы технология зақымдалған нейрондарды зертханада өсірілген діңгекті жасушалармен алмастыруға негізделген. Кембридж университетінің ғалымдары зертханада қолдан өсірілетін және допаминдік жасушаларға (допаминдік жасушалар анықтамасы төменде келтірілген – ред.) айналуы мүмкін арнайы функциялары бар барлық жасушалар түзілетін діңгекті жасушаларды аталмыш дерттен емдеуде пайдалануды ұсынады. Бұрынғы зерттеу нәтижесі миға дофамин жасушаларын енгізуден адамның зардап шекпейтіні, яғни, қауіпсіз процедура екенін көрсетті. Сонымен қатар, мұндай жасушаларды зертханада өндіру өз кезегінде трансплантацияға арналған донор тапшылығын жояды. Бұрын допаминдік жасушалардың қайнар көзі ретінде ұрық материалын пайдалану ұсынылған болатын, алайда, бұл тәсіл адамгершілікке жат болғаны үшін қолданылмайтын болды. Трансплантацияға дайын, яғни, зертханада өсірілген жасушалар қазіргі уақытта тоңазытқышта сақтаулы тұр, көп ұзамай Швецияға тасымалданады. Аталған елде 2023 жылы клиникалық сынақтардан өтеді. Бұл тараптағы сынақ бірнеше жылға созылады. Егер сынақ нәтижелері ойдағыдай шықса, яғни, адамға кері әсері болмаса, аталмыш технология бес жылдан соң Паркинсон ауруын емдеу үшін қолданылады.

Паркинсон ауруы – миды зақымдайтын жүйке жүйесінің дегенеративті дерті. Ол дофаминді шығаратын нейрондарды зақымдайды. Нейротрансмиттердің болмауына байланысты жүйке жүйесінің жұмысында көптеген ауытқулар пайда болады, соның ішінде қозғалту аппаратында ақау орын алады, бұдан бөлек, когнитивтік қызмет (жады, назар, т.б.) нашарлайды,  ұйқысыздық пен алжу қатерін тудырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адамды мүгедек ететін әрі өлім-жітімді арттыру тұрғысынан бұл ең кеңінен таралған неврологиялық ауру. 2019 жылы әлем бойынша Паркинсон ауруынан зардап шегетін науқастар саны 8,5 миллионға жеткен.

kk.warbletoncouncil.org дерек көзінен:

Допаминергиялық нейрондар  допамин шығаруға және оны жүйке жүйесінің басқа жасушаларына таратуға жауапты ми жасушалары. Нейрондардың бұл түрлері әр түрлі биологиялық процестерге, негізінен қозғалысқа, мотивацияға және интеллектуалды қызметке қатысады. Осылайша, ми жасушаларының деградациясы әртүрлі жағдайларды тудыруы мүмкін, олардың арасында шизофрения мен Паркинсон ауруы бар. 

0 пікір
Мұрағат