|
Panasonic мөлдір теледидар жасап шығарды (видео)
|
Жапонияның Panasonic компаниясы мөлдір теледидар жасап шығарды. Теледидардың үлгісі 6-9 қаңтар аралығында Лас-Вегаста өткен халықаралық Consumer Electronics Show көрмесінде таныстырылды, - деп хабарлайды Hi-tech.
Теледидар диагоналі 165 сантиметр болатын светодиодты қораптан тұрады. Сөніп тұрған кезде теледидар шкафтың жартылай мөлдір есігі, яғни теледидар қойылған жиһаздың элементі сияқты тұрады. Иесі бұл теледидарды терезеге орнатып, түрін қалағанынша өзгерте алады. Panasonic өкілдері бұл теледидардың коммерциялық мақсатта өте кең таралатынын айтып отыр. Жаңа теледидарды сауда орталықтарында адамдарды қызықтыру мақсатында да пайдалануға болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
■
Аштықтың алдын алу үшін зертханада ақуыз өсіріледі (видео)
■
Жапония бөгде түрден зардап шеге бастады
■
Бір ғана араб елі биологиялық басқыншылықтан жылына 5 млрд доллардан аса шығын көріп келеді
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады